Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 қаңтардағы №30-1 «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

                                                                                                                                           ЖОБА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан

аудандық мәслихатының 2015 жылғы

20 қаңтардағы №30-1 «Шығыс Қазақстан

облысы Зайсан ауданында тұрғын үй көмегін

көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау

туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан аудандық мәслихаты                           ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1.   Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 қаңтардағы №30-1 «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3676 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

         көрсетілген шешімнің 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

         «6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңнамаға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк актіге негiзделген өкiлеттігіне орай оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет өткен тоқсаннан кейінгі айдың 25-ші күнінен бастап мемлекеттік корпорацияға немесе «цифрлық үкімет»             веб-порталына жүгінеді.                                                                                         Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «цифрлық үкімет»              веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».

  1. «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

         1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

         2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Зайсан аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының әлеуметтік даму, тұрғындар мүддесін қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Зайсан аудандық

мәслихатының төрағасы                                                               Е.Загипаров

Дата публикации
12 октября 2026