Құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 341 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 30 маусымда № 39167 болып тіркелді
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексі 24-бабының 72) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидалары;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық дамыту министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрі
|
|
2026 жылғы 30 маусымдағы |
Құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) бөлшектеуге және бұзуға арналған жұмыс жүргізу жобасы (бұдан әрі – ЖЖЖ) – берілген алаңда нақты объектіні бөлшектеу және бұзу жөніндегі жұмыстардың ұтымды технологиялары мен оларды ұйымдастыру мәселелері егжей-тегжейлі пысықталатын құжаттама;
2) құрылыс объектілерін бұзу – бөлшектеу немесе қирату жолымен құрылыстарды немесе құрылыс элементтерін толық немесе ішінара жою;
3) заңсыз құрылыс – бұл өндірістік, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектілерді жерге тиісті құқықсыз заңсыз салу;
4) құрылыс объектіні кейіннен кәдеге жарату –пайдаланылуы (пайдалану, қолдану) тоқтатылғаннан кейін қалпына келтірілетін элементтерін (конструкцияларды, материалдарды, жабдықтарды) бір мезгілде қалпына келтіріп және қайталап пайдаланып, сондай-ақ кәдеге аспайтын элементтер мен қалдықтарды өңдей отырып, бөлшектеп алу және бұзу жөніндегі жұмыстар кешені;
5) құрылыс қызметі (бұдан әрі – құрылыс) – жаңа объектілер салу және (немесе) құрылыс объектілерін (олардың кешендерін, коммуникацияларын) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын дайындау (өндіру), сондай-ақ аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын игерген құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру жолымен өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорларды құру жөніндегі қызмет;
6) өз бетінше салынған құрылыс – бұл мемлекетке тиесілі, жер учаскелері болып қалыптаспаған жерде, құрылысты жүзеге асырған тұлғаға тиесілі емес жер учаскесінде салынған, сондай-ақ бұл үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес қажетті рұқсат алынбай салынған тұрғын үй, басқа да құрылыс, ғимарат немесе өзге де жылжымайтын мүлік.
Құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жаратуға (бұзуға) ЖЖЖ әзірлеу кезінде жауапкершілік деңгейі және ғимараттар мен құрылыстарды техникалық күрделі объектілерге жатқызу Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 161 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38416 болып тіркелген) құрылыс объектілерінің техникалық күрделілігін айқындау қағидаларымен белгіленеді.
Жаңа объектіні бір мезгілде тұрғыза отырып құрылыс объектілерін бұзу кезінде құрылыс Кодекстің 98-бабына сәйкес жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
Егер құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жаратуды (бұзуды) мемлекеттік инвестицияларды тарта отырып не олардың қатысуымен жүзеге асыру жоспарланған жағдайда, мердігер (бас мердігер) немесе тапсырыс беруші құрылыстың сметалық құнын дайындауды қамтамасыз етеді.
"Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-1-бабының 5-тармағында көрсетілген көлік инфрақұрылымы объектілерін кейіннен кәдеге жарату Кодекстің 98-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен келісілген жобалауға арналған тапсырма және жобалау құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады.
Кодекстің 98-бабының 4-тармағында көрсетілген объектілер үшін техникалық тексеру жүргізілмейді.
Оқшауланған тұрғын үйдің немесе тұрғын емес ғимараттың және құрылыстың бір бөлігін бұзу кезінде Кодекстің 98-бабының 1-тармағына сәйкес жобаның ведомстводан тыс кешенді сараптамасынан өте отырып, тұрғын үйдің немесе тұрғын емес ғимараттың және құрылыстың қалған бөлігін бекіту жөніндегі жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы әзірленеді.
Объектіні инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінен ажыратқаннан кейін құрылыс объектілерін бұзу бойынша жұмыстар ЖАЖ-ға сәйкес жүзеге асырылады.
Меншік иесі мүлік ретінде жылжымайтын мүлік объектісінің мүлікті жұмыс істеуі тоқтатылған кезде үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Көрсетілетін қызметті берушіні жазбаша хабардар етеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес Негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім жайында, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша өтініш берушінің ұстаным танытуына мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізілетін уақыт пен орын туралы хабарлама жібереді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне түседі.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Шағым Көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған Көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
|
|
Құрылыс объектілерін кейіннен |
"Құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (болған жағдайда): 1) техникалық жағынан күрделі емес объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу; 2) техникалық жағынан күрделі объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге. |
|
|||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Сәулет, қалақұрылысы және құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері және оның кіші түрлері (бар болса) |
www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі және оның кіші түрлері (бар болса) |
1) көрсетілетін қызметті берушіге және портал арқылы өтініш берген кезде техникалық жағынан күрделі емес құрылыс объектілерді кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 7 (жеті) жұмыс күні; 2) көрсетілетін қызметті берушіге және портал арқылы өтініш берген кезде техникалық жағынан күрделі объектілерді кейіннен кәдеге жарату (бұзу) құрылыс объектілер жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 12 (он екі) жұмыс күні. |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны және оның кіші түрлері (бар болса) |
Электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған) |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі және оның кіші түрлері (бар болса) |
Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру немесе осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
|
|
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
|
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорация және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 8.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дейін. |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету және оның кіші түрлері (бар болса) үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініші; объект мердігерлік тәсілмен бұзылған жағдайда мердігерлік жұмыстарға арналған шарттың электрондық көшірмесі ұсынылады; егер жылжымайтын мүлік объектісінде бірнеше меншік иесі болса, онда құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жұмыстарының кешенін жүргізуге объектінің басқа меншік иелерінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі және оның параметрлері ұсынылады; егер құрылыстарды бұзу жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу үй-жайлардың (үй бөліктерінің) аралас меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, онда үй-жайлардың (үй бөліктерінің) аралас меншік иелерінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі ұсынылады; ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшы не құрамында аттестатталған сарапшылары бар аккредиттелген ұйым берген ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесі (Кодекстің 98-бабының 4-тармағында көрсетілген объектілер бойынша және қала құрылысы жобаларына сәйкес ЖАО бекіткен реновация бағдарламасына енгізілген талап етілмейді); ЖЖЖ (Кодекстің 98-бабының 4-тармағында көрсетілген объектілер бойынша талап етілмейді) электрондық көшірмесі; көп пәтерлі тұрғын үй апатты деп танылған жағдайда, жергілікті атқарушы органның ведомствоаралық комиссиясының құрылыс объектісін апатты деп және бұзылуға тиіс деп тану туралы электрондық көшірмесі. |
|
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден және оның кіші түрлерінен (бар болса) бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тартады. |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.egov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777. |
|
|
|
|
Объектілерді кейіннен |
|||
|
|
Әкімшілік деректерді |
|||
Техникалық жағынан күрделі объектілер бойынша бұзу туралы берілген шешімдер туралы ақпарат
Ұсынылады: азаматтық қорғау органдарына.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.egov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: "Техникалық жағынан күрделі объектілер бойынша бұзу туралы берілген шешімдер туралы ақпарат"
Нысан индексі: 1-БҰЗУ
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең 20___ жылғы ____
Өтеусіз негізде жинауға арналған әкімшілік деректер нысанын ұсынатын тұлғалар аясы: сәулет, қалақұрылысы және құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган
Ұсыну мерзімі: айына бір рет, есепті кезеңнен кейінгі 5-күннен кешіктірмей
|
БСН: |
|
Жинау тәсілі: электронды немесе қағаз түрінде
|
1 |
Нысанның атауы |
|
|
2 |
Нысанның мекенжайы |
|
|
3 |
Меншік иесінің атауы |
|
|
4 |
Мердігердің (бас мердігердің) атауы |
|
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы____________________________________
Орындаушы ____________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Сәулет, қалақұрылысы және құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның басшысы:
______________________________________ _____________ (Т.А.Ж. немесе оның міндетін атқарушы тұлға) (қолы)
|
|
"Техникалық күрделі |
"Техникалық жағынан күрделі объектілер бойынша бұзу туралы берілген шешімдер туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1-бағанда нысанның атауы көсретіледі;
2-бағанда нысанның орналасу мекенжайы көрсетіледі;
3-бағанда нысанның иесі көрсетіледі;
4-бағанда нысанды кәдеге жарату (бұзу) жұмыстарын жүргізетін мердігер (бас мердігер) көрсетіледі.
|
|
Құрылыс объектілерін |
Құрылыс объектілердің бұзу АКТІСІ 20__ ж._______"____"________
____________________________________________________________ (объектінің атауы және орналасқан жері)
кадастрлік нөмірі: _______________________________________________ (сәулет, қалақұрылысы және құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның атауы)
құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге 20__ жылғы "__" _______ № ______ берген шешімге және құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғаны туралы берілген 20__ жылғы "__" ______ № __ хабарламаға
(Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда) сәйкес ________________________________________________________________ (хабарлама, қабылдаған орган)
бұзу бойынша жұмыс 20__ жылғы "___" ________ басталды және 20__жылғы "___" ________ аяқталды.
Біз, төмендегі қол қоюшылар, меншік иесі _______________________
________________________________________________________________ (тегі, аты, бар болған жағдайда әкесінің аты ), ЖСН - жеке тұлғаға, ұйымының атауы – заңды тұлғаға, БСН, пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің /ғимараттың нөмірі (стационарлық бөлменің) және мердігер (егер бұзу мердігерлік тәсілмен орындалса)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________ (ұйымының атауы, БСН, тегі, аты, бар болған жағдайда әкесінің аты, бұзу жүргізетін тұлғаның лауазымы, мекенжайы, телефон, лицензия №, алған күні) осалқы мердігер ұйымдар (егер бұзу қосалқы мердігерлік ұйымдары орындаса)
______________________________________________________________ (ұйымының атауы, БСН, тегі, аты, бар болған жағдайда әкесінің аты, бұзу жүргізетін тұлғаның лауазымы, мекенжайы, телефон, лицензия №, алған күні) Техникалық қадағалаушы (Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінде көзделген жағдайларда)
____________________________________________________________________ (ұйымының атауы, мекенжайы, телефон, аккредиттелген куәлігі №, алған күні (аккредиттелген куәлік болған жағдайда), жауапты сарапшының тегі, аты, бар болған жағдайда әкесінің аты, аттестаттың мамандығы және №, алған күні дата)
Авторлық қадағалаушы (Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінде көзделген жағдайларда)
____________________________________________________________________ (ұйымының атауы, мекенжайы, телефон, лицензия №, алған күні (егер жобаны әзірлеуші орындаса/авторлық қадағалау ұйымы орындаса) сарапшының тегі, аты, бар болған жағдайда әкесінің аты, аттестаттың мамандығы және №, алған күні дата, мекенжайы, телефон)
осы актіні жасады және жобаға (Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда) сәйкес объектілерді кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізгені туралы растаймыз.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іс-шаралар орындалды.
Құрылыс объектілерін бұзу актісі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарда есепке алынуға жатады.
|
Тапсырыс беруші |
___________________________________ (тегі, аты, бар болған жағдайда әкесінің аты) |
_________ (қолы) |
Мөрдің орны (болған жағдайда) |
|
|
|
Техникалық қадағалаушы |
___________________________________ (тегі, аты, бар болған жағдайда әкесінің аты) |
_________ (қолы) |
Мөрдің орны (болған жағдайда) |
|
|
|
Авторлық қадағалаушы |
___________________________________ (тегі, аты, бар болған жағдайда әкесінің аты) |
_________ (қолы) |
Мөрдің орны (болған жағдайда) |
|
|
|
Мердігер (бас мердігер) |
___________________________________ (тегі, аты, бар болған жағдайда әкесінің аты) |
_________ (қолы) |
Мөрдің орны (болған жағдайда) |
|
|
|
|
Құрылыс объектілерін |
||||
|
|
Сәулет, қалақұрылысы |
||||
Өтініш
Құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге жататын:
____________________________________________________________________ (объектінің толық атауы)
Мекен-жайда орналасқан:
____________________________________________________________________ (объектінің, бөлменің (бөлек бөлімшелердің) орналасқан жері)
құрылыс объектілерді кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беруіңізді сұраймын.
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қабылдады (қолы) __________________
Күні: 20__ жылғы "_____" ____________
Тапсырды (қолы) __________
|
|
Объектілерді кейіннен кәдеге |
Құрылыс объектілерді кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім №
20__ жылғы "__"_______ берілген
Сәулет, қалақұрылысы және құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның басшысы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________ шешім берген органның атауы және басшының тегі, аты, ол бар болған жағдайда әкесінің аты ұсынылған құжаттамалар негізінде
_________________________________________________________________ тапсырыс берушінің (тегі, аты, ол бар болған жағдайда әкесінің аты – жеке тұлғалар үшін/ ұйымның атауы – заңды тұлғалар үшін)
_________________________________________________________________ (объектінің атауы мен орналасқан жері)
_____________________________________________құрылыс объектісі бойынша
кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат береді.
Бас мердігер (егер бұзу мердігерлік тәсілмен орындалса)
_________________________________________________________________ (ұйымның атауы)
Ескертпе:
Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім кәдеге жарату (құрылысты бұзу) нормативтік ұзақтығының бүкіл мерзіміне ішінде қолданылады.
|
Сәулет, қалақұрылысы және құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның басшысы |
_________________________ (электрондық цифрлық қолы) |
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасының |
|||
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК