Кәсіпкерлерге жадынама

Халыққа қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін арттыру, азаматтардың тілдік белгісі бойынша құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірлік бизнес субъектілерінің клиентке бағдарланған қызметін нығайту мақсатында, Сіздерден төмендегі заңдылықтарға сүйене отырып, жұмыс атқаруларыңызды сұраймыз.

1) Көрнекі ақпарат (сыртқы және ішкі рәсімдеу).

Мәтіндердің иерархиясын сақтау: Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңының 21-бабына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпарат келесі тәртіпте орналастырылады: сол жағында немесе жоғарыда - мемлекеттік тілде, оң жағында немесе төменде - орыс тілінде.

Мәтіндердің сәйкестігі: екі тілдегі мәтіндер мазмұны жағынан бірдей (аутентті) болуы және бірдей өлшемдегі қаріптермен терілуі тиіс.

Орфографияны тексеру: грамматикалық және стилистикалық қателерге жол бермеу.

2) Тауарлар мен қызметтерді ақпараттық сүйемелдеу.

Баға көрсеткіштері мен жапсырмалар: тауардың атауы мен негізгі сипаттамалары екі тілде көрсетілуі тиіс.

Мәзірлер мен прейскуранттар: қоғамдық тамақтану объектілерінде мәзір мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылуы тиіс. Белсенді туризм аймақтарында ағылшын тілін қосу ұсынылады (үштілділік).

Тұтынушы бұрышы: барлық міндетті ақпарат (лицензиялар, сауда ережелері, бақылаушы органдардың байланыс деректері) екі тілде рәсімделуі тиіс.

3) Қызмет көрсету стандарттары және «алғашқы байланыс».

Құттықтау стандарты: қызметкерлерге екі тілде сәлемдесуді қолдану ұсынылады.

Тілді таңдау құқығы: қызметкерлер клиент қай тілде жүгінсе, сол тілде диалогты жалғастыруға дайын болуы тиіс.

4) Цифрлық формат және құжаттама.

Электрондық чектер мен шоттар: бақылау-кассалық аппараттар мен POS-терминалдарды чектердегі ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетуге баптау.

Оферта шарттары: ашық шарттар, адалдық бағдарламаларының ережелері және клиенттерге арналған сауалнамалар екі тілде қолжетімді болуы тиіс.

Әлеуметтік желілер мен сайттар: бизнес-аккаунттарды екі тілде жүргізу ұсынылады

Дата публикации
04 мая 2026