Тұрғын үйлер
Спамбетов көшесінде орналасқан 60 пәтерлі №1 және №1/1 көп қабатты тұрғын үйлер, Боқажанов көшесіндегі 27 пәтерлі шағын отбасылық жатақхана, Боқажанов көшесінде 120 пәтерлі тұрғын үйлер бөлімнің теңгерімінде.
Спамбетов көшесінде орналасқан 60 пәтерлі №1 және №1/1 көп қабатты тұрғын үйлердің, Боқажанов көшесіндегі 27 пәтерлі шағын отбасылық жатақхананың қалыпты жағдайда ұстау, жылыту жұмыстарын ЖК «Сауыр» пәтер иелеріні кооперативі жүргізуде. Аталған шараларға 2018 жылға 2,6 млн теңге қаржы қарасытырылып, 6 айда 1,816 млн теңге қаржысы игерілді.
Боқажанов көшесіндегі 120 пәтерлі тұрғын үйлер 2017 жылы 29 жасқа толмаған жас мамандарға берілді. Үйлерге жылу беру жұмыстарын «NG ENERGY» ЖШС жүргізуде. Аталған тұрғын үйлерге жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметі бойынша Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаметінің бекіткен бағасы 1 шаршы метрге 227,4 теңгені құрады.
2018-2019 жылдарғы қысқы кезеңге дайындық бойынша қазіргі кезде жылу қазандықтары және қондырғыларында ақаулықтар жоқ, от жағу маусымына дайын.
2017-2018 жылдарғы жылыту маусымына жылу энерегиясына тұрғындардың берешегі 20.06.2018 жылға 2 702 895,45 теңгені құрап отыр. Берешектерді қайтару жөнінде «NG ENERGY» ЖШС директоры осы тұрғын үйдің 40 тұрғынын сотқа берілді.
Құрылыс саласы бойынша
Мердігер мекеме «BuildupCompany» ЖШС.
Авторлық қадағалау «ЗАЙСАН-ЖОБА» ЖШС
Техникалық қадағалау «БМВ И В» ЖШС
Жобаның жалпы құны - 66 513 095 тенге.
Зайсан қаласындағы мектепті газбен жабдықтау бюджеттің қаржылық шығындарын шамамен 40% немесе 5224,32 мың теңгеге қысқартуға көмектеседі және өмірдің өмір сүру жағдайларын жеңілдетеді, бұл өз кезегінде осы аймақтағы әлеуметтік жағдайға жағымды әсер етеді, сондай-ақ Зайсандағы экологиялық жағдайды айтарлықтай жақсартады.
аурухана ғимараты мен Спамбетов көшесі бойындағы үйлер үшін газ
құбыры қондырғысы бар қазандық орнату» нысаны 05.02.2018 ж. № 06-0008/18 мемлекеттік сараптамадан өтіп ( о ң ) бағамен шықты. Жобалық-смета құжаттамаға сәйкес құрылыс құны 161,793 млн. тенге. Бас жобалаушы «Катэк» ЖШС. Жоба іске асыруға дайын. Энергетика министрлігіне бюджеттік тапсырыс өткізілген.
«Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы Боқажанов көшесі №3/1 30-пәтерлi коммуналдық үйдiң құрылысы»
«Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы Боқажанов көшесі №4 30-пәтерлi коммуналдық үйдiң құрылысы»
«Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы Боқажанов көшесі №4/1 30-пәтерлi коммуналдық үйдiң құрылысы»
08.02.2018 ж. № ЭТС-0019/18, 08.02.2018 ж. № ЭТС-0020/18, 08.02.2018 ж. № ЭТС-0021/18, 08.02.2018 ж. № ЭТС-0022/18 мемлекеттік сараптамадан өтіп ( о ң ) бағамен шықты. Жобалық-смета құжаттамаға сәйкес әр үйдің құрылыс құны 352,807 млн. тенге. Бас жобалаушы «Облжилкомхозстрой» ЖШС. Жоба іске асыруға дайын. Құрылыс басқармасына бюджеттік тапсырыс жасалынған.
Қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтті 16.04.2018 ж. № ҚСҚKAZ-0032/18 «КАЗЭКСПЕРТИЗА» ЖШС арқылы өткізілді. Жобалық-смета құжаттамаға сәйкес құрылыс құны 758,503 млн. тенге. Бас жобалаушы «Востокагропромпроект» ЖШС. Жоба іске асыруға дайын.