Көлік саласы
Аудан көлемінде жолаушы тасымалы автокөліктер мен әуе қатынасы арқылы жүргізіледі.
Аудан орталығы Зайсан қаласының ішінде жолаушы тасымалдайтын автокөліктер белгіленген бағыттар мен арнаулы жасалған, қала әкімі бекіткен кесте бойынша жүргізіледі. Қала ішінде жолаушы тасмалдау таңғы сағат 7-00-ден кешкі сағат 19-00-ге дейінгі аралықта, қарама-қарсы екі бағытта жолаушы тасымалдайтын «СМУ «Шығыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі халыққа қызмет көрсетуде. Бір жолаушыға тасымалдау құны 50 теңге.
Жолаушы тасымалдаушы мекеменің ақтамаған шығындарын өтеу үшін жергілікті бюджеттен қаржы (дотация) бөлініп отырады. 2018 жылға 21,2 млн теңге бөлініп, 6 айында 10,2 млн теңге қаржы игерілді.
Ауданішілшік «Зайсан-Кеңсай-Жарсу-Бақасу-Саржыра», «Зайсан-Айнабұлақ-Сартерек», «Зайсан-Кеңсай-Тасбастау-Шілікті», «Зайсан-Қарабұлақ», «Зайсан-Көгедай-Шалқар-Қаратал-Үлкен Қаратал», «Зайсан-Жамбыл-Дайыр-Қуаныш-Біржан» және «Зайсан-Жамбыл-Көкжыра» бағыттары бойынша жолаушы тасымалын ЖК Р.Маматов жүргізуде.
Зайсан-Шілікті бағыты бойынша - 250 теңге, Зайсан-Біржан бағыты бойынша – 200 теңге, Зайсан-Үлкен Қаратал бағыты бойынша – 200 теңге, «Зайсан-Кеңсай-Жарсу-Бақасу-Саржыра» - 200 теңге, «Зайсан-Айнабұлақ-Сартерек» - 200 теңге, «Зайсан-Жамбыл-Көкжыра» - 200 теңге, «Зайсан-Қарабұлақ» - 150 теңге болып билет құны белгіленді.
Аталған бағыттарда жолаушы тасымалдаушының ақтамаған шығындарын өтеу мақсатында жергілікті бюджет есебінен 25,850 млн теңге дотация бөлінді. 2018 жылдың 6 айында 19,0 млн теңге қаржы игерілді.
Сонымен қатар Зайсан қаласында орналасқан әуежайдан аптасына 2 рет дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері әуе қатынасымен жолаушыларды тасымалдауда. Билет құны – 8000 теңге, 16 жасқа дейінгі балаларға – 4000 теңге және 2 жасқа дейінгі балаларға тегін.
Сумен жабдықтау
Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету үшін 2018 жылға 104,458 млн теңге бөлінді. Осы қаражаттарға Қаратал және Жаңатұрмыс ауылдарында су құбырын тарту және аудандағы су құбырларын қалыпты жағдайда ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстарын «Зайсан» ККМК жүргізуде. 2018 жылдың 6 айында 48,0 млн теңге қаржы игеріліп, Қаратал ауылдарында су құбырларының құрылысы жүргізілуде.
Жол саласы
Аудан көлемінде жалпы ұзындығы 460 шақырым автомобиль жолдары пайдалануда, оның ішінде 168 шақырымы Республикалық, 81 шақырымы облыстық, 211 шақырымы аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.
Аудандық маңыздағы 211 шақырым жолдың 29 шақырымына асфальт төселген, 158 шақырымы құм-тас төселген, 24 шақырымы арнайы салынбаған қыр жолдары. Республикалық жолдардың бойында 11-көпір, 219-су өткізгіш құбырлары, жергілікті жолдарда 7-көпір, 153-су өткізгіш құбырлары бар.
Республикалық маңыздағы жолдарды маусымдық ұстау жұмыстарын «Қазақавтожол» мекемесінің Зайсан қаласындағы филиалы, облыстық маңыздағы автомобиль жолдарын маусымдық ұстау жұмыстарын Ақжар ауылының ПДУ-8 мекемесі және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын «Зайсан Тазалық» ЖШС мекемесі жүргізіуде.
2018 жылы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарын қалыпты жағдайда ұстауға жергілікті бюджеттен 16 240,0 мың теңге қаржы бөлініп, 2,293 мың теңгенің жұмыстары атқарылды.
Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына жетіспейтін жол белгілерін орнатуға 1 500,0 мың теңге бөлініп, 100 дана жол белгілері орантылды.
Зайсан қаласындағы Жангельдина-Керімбаев көшесіндегі істен шыққан бағдаршамды қалпына келтіру жұмыстарына 299,0 мың теңге бөлініп, бағдаршам іске қосылды.
Аудандық маңыздағы Омск-Майқапшағай автомобиль жолының 4,6-11,6 шақырым учаскесін орташа жөндеу жұмыстарына 141 765,632 мың теңгеге сметалық есептемесі жасалынып, бюджеттік сұраныс берілді. Ағымдағы 2018 жылға облыстық бюджеттен 36 617,2 мың теңге бөлінді. Өткізілген конкурстық рәсімдердің қорытындысына сәйкес мердігер «Зайсан құрылыс компаниясы» ЖШС мердігер болып танылып, 26.06.2018 жылы №70 санды келісім шарт жасалынды.
Қосымша 105 148,432 мың теңге қаржы бөлу жөнінде бюджеттік сұраныс ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсынылды.
Зайсан ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан мемлекеттік тұрғын үй алуға есепке тұру үшін сізге электрондық үкімет Веб-порталы арқылы өтініш беру қажет. (www.kezekte.kz) (электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ). Жылжымайтын мүлік бөліміне кіріп, "SHANYRAQ" платформасына сілтеме бойынша өтіңіз, қажетті жолдарды толтырыңыз, мемлекеттік қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберіңіз.