2019 жылдың 01 желтоқсанына ауданда 80146 бас ірі-қара (105,1%), 77908 бас қой-ешкі (103,0%), 28485 бас жылқы (128,6), 62180 бас құс (101,5%) тіркелген, 12857,1 тонна ет (103,4%), 43353,2 тонна сүт (103,4%), 6158,0 мың дана жұмыртқа (103,4%) өндірілді.
Аудан бойынша 2019 жылдың 11 айында ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің жалпы көлемі 22614,0 млн. теңгені (102,6%) құрады.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі малдың сапасын жақсартып, оның өнімділігін арттыру. Малдың сапасын арттырудың негізгі жолы – мал тұқымын асылдандыру. Ауданымызда асыл тұқымды малдар ірі-қарада – 2,4 %-ды, қой малында – 3,3 %-ды, жылқыда – 6,0 %-ды құрап отыр. Ауданда 17 асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық бар. Қазіргі кезде ауданда асыл тұқымды ірі-қара малдарын өсіретін 10 шаруашылық, асыл тұқымды жылқы малдарын өсіретін 5 шаруашылық асыл тұқымды қой малдарын өсіретін 1 шаруашылық және асыл тұқымды ара шаруашылығымен айналысатын 1 шаруашылық бар.
Ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидасына» сәйкес 238 шаруашылыққа 322,6 млн.теңге субсидия төленді.
Ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласының негізгі саласы мал шаруашылығы. Бүгінгі күні мемлекет тарапынан мемлекеттік қолдаулар және несиелендіру мәселелері оң шешімін тауып отыр. Малдың барлық түрінің саны және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру жыл сайын тұрақты өсуде.
2019 жылы «Сыбаға» бағдарламасы аясында Ресей Федерациясынан «Маметек» ШҚ 116 бас асыл тұқымды ірі-қара, «Ынтымақ-К» ШҚ 56 бас асыл тұқымды ірі-қара, «Ерасыл» ШҚ 60 бас тауарлы ірі-қара малдарын әкелді.
2019 жылы бордақылауға 1500 бас бұқашықтарды қою жоспарланған, орындалғаны 1590 бас (106,0%),
Ауданда сүт жинап, өңдеп өнім шығаруды «Зайсан-Сүт» ЖШС-нің сүт зауыты атқарады. Сүт жеті ауылдық, бір қалалық округтен аумағынан жиналады. Мекеме жұмсақ қаптамадағы сүт, айран, кілегей, сарымай, ірімшік, балмұздақ шығарады. Аудандағы барлық мектептерді, балабақшаларды, шағын орталықтарды, «Тарбағатай Мұнай» ЖШС-гін, бөлімін сүт өнімдерімен қамтып отыр, және өндірілген өнімдер сауда желілері арқылы, сенбі күнгі жәрмеңкеде саудаланады. Ағымдағы жылдың қараша айына 113 тонна сүт жинауға тапсырма берілген, орындалғаны 115,0 тонна (101,7%),
Ауданда 24 ауыл шаруашылық кооперативі құрылған. Кооперативтер меншігінде 1740 бас ірі-қара, 148 бас қой-ешкі, 1075 жылқы мал сою модулі, рефрижератор автокөлігі және сүт қабылдау модулі бар.
Биылғы 2019 жылы ауданда егілген барлық егістік көлемі 21967 гектарды құрап, соның ішінде 2767 гектарға бидай, 1739 гектарға арпа, 210 га. сұлы, 946 га. тары, 28 га. жүгері, 40 га. бұршақ, 2650 га. күнбағыс, 724 га. соя, 330 га. сафлор, 1203,7 га. картоп, 622,3 га. көкөніс, 268 га. бақша дақылдары егілді және 10439 гектар көпжылдық және біржылдық малазықты шөп егілген.
Күзгі жиын-терін қорытындысы бойынша 5730 гектар дәнді астықтың әр гектарынан 22,1 центнерден, 2650 га күнбағыс дақылының әр гектарынан 9,5 центнерден, 724 га соя дақылынан 19,5 центнерден, 330 га сафлордан 15 центнерден, 622,3 га көкөністен 259,5 центнерден, 1203,7 га картоптан 198 центнерден және 268 га бақша дақылдарынан 298,8 центнерден өнім алынып, 12,4 мың тонна дәнді астық, 2,5 мың тонна күнбағыс, 1,4 мың тонна соя, 0,5 мың тонна сафлор, 16,1 мың тонна көкөніс, 23,8 мың тонна картоп, 8,0 мың тонна бақша дақылдары жиналды.
Ауданға биыл мал азығы бойынша 150мың тонна шөп , 3 мың тонна сабан, 1 мың тонна сүрлем дайындау жоспар-тапсырма берілген. 2019 жылдың 01 қазанына жем шөптің тапсырмасы толықтай орындалған.
2020 жылдың егін науқанына егістік құрылымына өзгерістер еңгізу жоспарланған. Ауданның ауылшарушылық тауар өндірушілерге экспортқа бағытталған соя және жүгері дақылдарды егудің тиімділігі, келешекте үлкен табыс көзі болары тура түсінік жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағытта жұмыстар басталған. Аудан бойынша Кенсай ауылдық округте «Досхан Тур» ЖШС-і 500 гектарға жүгері және «Жоңғар» шаруа қожалығы 600 гектар соя дақылдарын егуді жоспарлауда.
Зайсан ауданы бойынша 2019 жылы 90 бірлік әртүрлі ауыл шаруашылығы және жол–құрылыс техникалары тіркеуге алынды, мұның ішінде ағымдағы жылы өндірістен шығарылған 41,5 млн теңгеге 5 МТЗ-82.1 «Беларус» тракторлары, 118,8 млн теңгеге 7 дана «LUYU»,«XCMG»,«Luotong» жол-құрылыс машиналары. Сондай-ақ шаруашылық құрылымдары тарапынан көктем-күзгі дала жұмыстарын атқаруға арналған ауыл шаруашылық машиналарын – тиегіштер, роторлы шөп шапқыштар, шөп престегіштер, тіркемелерді сатып алып, жұмыстарына жаратуда.
Шаруа қожалықтары және жеке кәсіпкерлік нысандары сатып алған техникаларға мемлекет тарапынан шеккен шығындарын өтеуге 30,1 млн теңге субсидия төленді, қаржы бөлінуіне қарай субсидия төлеу жұмыстары 2020 жылдары да жалғасын табады.
Есептік кезеңде тракторларды және олардың негізіндегі механизмдерді және жол-құрылыс техникаларын басқару құқығына 97 тракторист-машинист куәлігі берілді.
Заңды және жеке тұлғаларға тракторларды және олардың негізінде құралған механизмдерді, жол-құрылыс техникаларын тіркеу және қайта тіркеу жөнінде 198 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, өтініш иелеріне 85 дана мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері мен 93 техникалық паспорттар берілді.
Тракторларды және олардың негізінде құралған механизмдерді кепілге қою жөнінде 8 тіркеу және мемлекеттік кепілге қою туралы куәліктері берілді.
Ауданда тракторларды және олардың негізінде құралған механизмдерді, сондай-ақ жол-құрылыс техникаларын жылдық мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу бойынша 1025 байқау жүргізілді.
Тракторларға және олардың негізінде құралған механизмдерге ауыртпалық артылғаны немесе артылмағаны жөніндегі 5 мәліметтер берілді.
2019 жылдың 01 желтоқсанына тұтастай өнеркәсіп өнімі 18397,6 млн. теңге ,оның ішінде кен өндіру және карьерлерді қазу 17105,2 млн.теңге, өңдеу өнеркәсібінің өнімі 721,4 млн.теңге болды.
Аудан тұрғындарына 160 дүкен, 16 дәріхана, 15 наубайхана, 9 қонақ үй, 6 жанар-жағар май станциясы, 28 қоғамдық тамақтандыру орны, 5 базар және 14 шаштараз қызмет көрсетеді. Соңғы жылдары аудан көлемінде шағын кәсіпкерлік саласы дамуда, атап айтқанда 2017 жылы 1 тойхана, 1 дәріхана,10 сауда дүкені, 2018 жылы 1 сауда орталығы, 1 сән салоны іске қосылып, 50-ге жуық жаңа жұмыс орындары құрылса, 2019 жылы 1 сауда дүкені ашылды.
«Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында биылғы жылы 5 адам несие қаражаттарын алды. Атап айтсақ, жеке кәсіпкерлер Окісханов Т құрылыс бағытына 18,2млн.теңге ,Келгенбаев Ш автобус тасымалдау жобасы бойынша 40,0млн.теңге, Спамбетова С негізгі құралдарды жөндеу жобасына 2,5млн.теңге, Адильбаева Б сауда бағытына 11,2 млн.теңге , «Зайсан құрылыс компаниясы» ЖШС жол жұмыстарына арналған арнаулы техникалар алуға 122,8 млн.теңге қаражат алып, жұмыстар атқаруда. Сол сияқты «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 3 адам қайтарымсыз грант алды. Олар жеке кәсіпкер «Bolashag» (Шәріпбеков Нұртас) «Bolashaq intellectual club жобасын кеңейту»,құны 1,0млн.теңге, жеке кәсіпкер «Әділбеков Саят» «Арболит блоктарын өндіру бойынша цех ашу» жобасына 2,5млн.теңге, жеке кәсіпкер «Кайрахов Руслан Нуртазаулы» «Қолөнер бұйымдарын өндіру цехын ашу» жобасына 2,0млн.теңге грантты жеңіп алды. Жеңілдікпен қаржыландырылатын «Ақ Ниет» аймақтық бағдарламасы бойынша «Айналым қаражатын толықтыру» жобасына жеке кәсіпкер Б.Әділбаева 36,0млн.теңге несие қаражатын алып,жұмыстар атқаруда. «Айка» шаруа қожалығы 2018-2023 жылдарға арналған «Экотуризм және марал өсіру» жобасын жүзеге асыруда. Жоба құны 200,0 млн. теңге. Шаруашылық 90,0 млн. теңге өз қаражатын жұмсауды көздеп отыр. 110,0 млн. теңге қосымша қаржы салатын инвесторлар іздестіруде. 21,0 млн. теңгеге 105 бас маралдар сатып алынды, 10,0 млн. теңгеге қоршау жұмыстары жүргізілді. Жаңатұрмыс ауылынан «Кіші Жеменей» учаскесіне дейін электр линиясын тарту жобасының құжаттары экспертизадан өтіп, облыстық мәслихаттың шешімі шықты, 5,0 млн. теңге қаражат түсті.
2019 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында мал өсіру, дамыту бағытына 89 адам жиыны 255,3млн.теңге несие алды.
2019 жылы «ARNNA MINERALS»ЖШС-нің құны 1650,7 млн.теңгелік «Артезиан ас суын (газдалған және газсыз) және алкагольсіз газдалған сусындарды өндіретін кәсіпорындарды ұйымдастыру) жобасы 2015-2019 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлікті қолдау картасына енді, іске асыру жылдары 2019-2022 жылдар. Бүгінгі күнге жер учаскесі берілді, бизнес-жоспар жасалып, Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚР ДСМ «КООЗ» Ұлттық сараптама орталығынан ауыз су үлгілерінің зерттеу сараптамасы алынды.
Ауданда «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» атты төртінші бағыты бойынша «Бизнес-бастау» бағдарламасы аясында 319 адам оқытылды.
Қазіргі уақытта шағын және орта бизнес даму үстінде, жылдан жылға кәсіпкерлер қызметінің саны артып келеді.
2019 жылдың 01 желтоқсанына халыққа қызмет көрсетудің барлық түрлерімен шұғылданып, тұрғындар сұранысын өтеуде 2879 шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасауда, өткен жылдың сәйкес кезеңімен (2762) салыстырғанда өсу қарқыны 104,2% немесе 117 бірлік, оның ішінде:
- заңды тұлғалар – 117 (2018 жылы - 121);
- жеке кәсіпкерлер – 1459(2018 жылы - 1436);
- шаруа қожалықтары – 1303 (2018 жылы - 1205)
Аудандық баға тұрақтандыру жөніндегі штаб отырысы 2019 жылы 50 рет өткізілді, жұмыстар жүргізілді. Бағаны тұрақтандыруға байланысты 2019 жылға қала, ауыл округ әкімдері кәсіпкерлермен, шаруа қожалықтарымен 191 меморандумдар жасалды, оның ішінде ауыл шаруашылық өнімдерін төмен бағамен саудалау туралы шаруа қожалықтарымен - 121, үстеме бағаны 10 пайыздан асырмауға 60 дүкен иелерімен жасалған. Үстеме бағаны 10%-дан асырмай тұтынушыға сату туралы жасалған меморандумдардың орындалуы қадағалануда, сауда дүкендерінің иелерімен түсінік жұмыстары жүргізілуде. Бағаны тұрақтандыру жөніндегі комиссияның бөлінген топтары азық-түлік, өндірістік тауарларының, көкөністің, жанар-жағар май өнімдерінің бағаларына күнделікті мониторинг жүргізуде.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында сенбі сайын жәрмеңке өткізілуде. Жәрмеңкелерде ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы орталық базарға қарағанда 10-15%-ға төмен. 2019 жылы 50 рет ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, 250,3 млн.теңгенің өнімі саудаланды.