Ауылдық округте "Қарттар күні "мерекесі аталып өтілді

Ауылдық округте "Қарттар күні "мерекесі аталып өтілді

Шілікті ауылдық округінде 1-қазан Халықаралық қарттар күні мерекесі кең көлемде аталып өтілді. Округтегі 70-ке тарта қарт тұрғындары ауыл әкімшілігі мен мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Өмір үлгі, жыр-дастан" атты мерекелік кештің қадірлі қонағы болып, ән салып би билеп, сый-сыяпаттарын алып қуанышпен тарқасты.  "Қарты бар үйдің қазынасы бар" демекші қарттарымыз аман болсын деді кеш соңында тілек білдірушілер.