Меню

Страницы

Статья

Өңірлік кадр резерві

ӨЗІҢІЗДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ЖӘНЕ ӨЗ АЙМАҒЫҢЫЗДЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІГІ!

 

 

Еліміздің әр өңірінде өзін мемлекеттік қызметте де, басқа да салаларда табысты іске асыратын белсенді және талантты жастар жеткілікті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде алғаш рет «Өңірлік кадрлық резервке іріктеу» жобасы іске асырылатын болады, ол білімді жастарға болашақта белгілі бір салада өз идеяларын жүзеге асыруға көмектеседі.

Ел Президенті Қ - Ж. Қ. Тоқаев атап өткендей: «Бізге жауапкершілікті алудан және стандартты емес және тиімді шешімдер қабылдаудан қорықпайтын түрлі салалардағы жаңа формациядағы басқарушылар командасы қажет. Дәл осындай адамдар бүгінде біздің елімізге қажет нәтиже бере алады!».

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 15 маусымдағы №255 Жарлығымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау қағидаларын іске асыру үшін әзірленген облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Өңірлік кадр резервіне іріктеу тәртібі бекітілді.

Жобаның басты мақсаты еліміздің әр өңірінде Өңірлерді дамыту мәселелеріне тарту үшін талантты жастар арасынан жас басқарушылар, жаңа ойлау көшбасшыларының пулдарын қалыптастыру болып табылады.

Елдің әрбір өңірінде резервшілер саны мен нақты салалық бағыттарды өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, Өңірдің кадр комиссиясы айқындайды.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының аумағында Өңірдің кадр комиссиясы өңірлік резервіне келесі бес салалық бағыттары бойынша: Индустрия және өнеркәсіп, Экономика және қаржы, Әлеуметтік сала, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, Агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары 10 үміткерді қабылданады.

Іріктеуге 35 жастан аспаған,жоғары білімі және үш жылдан кем емес еңбек өтілі бар  (құжаттарды тапсыру сәтінде) Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 1-31 наурызы аралығында onir.pkrezerv.gov.kz сайтында жүргізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік кадр резервіне іріктеу бес кезеңнен тұрады: құжаттарды қабылдау, заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу, құзыреттерді бағалау, осы резервке Кандидаттарды Өңірлік резервке қабылдаутуралы шешім шығару үшін комиссиядағы құрылымдық сұхбат отырысы.

Іріктеудің аталған кезеңдері үміткерлерде белсенді өмірлік ұстаным, жетілдіру мен дамуға ұмтылу, оқыту кезінде алған білімдерін практикада қолдану, жағдайды болжай білу, жұмысты жоспарлау, жеделдік, жұмысқа шығармашылық көзқарас, дербестік пен тәуекелге дайындық, ұжымда жұмыс істей білу, ұйымдастырушылық қабілет, өз ісін дәлелдей білу сияқты қарым-қатынас икемділігі және көшбасшылық бейімділікқасиеттерді анықтауға көмектеседі.

Іріктеуге қатысу үшін мынадай құжаттардың көшірмелерін ұсыну қажет: Қазақстан Республикасының жеке куәлігі немесе паспорты, бекітілген нысан бойынша өтініш, білімі туралы құжаттар және оларға қосымшалар, еңбек қызметін растайтын құжат, соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған бекітілген нысан бойынша кандидаттың толтырылған қызметтік тізімі және түрлі-түсті фотосуреті.

Жобаға қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі-Департамент) ШҚО, Өскемен қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 4, 305, 312 кабинет мекенжайы бойынша қолма-қол қағаз жеткізгіште не электрондық пошта мекенжайына shqo@onir.pkrezerv.gov.kz электрондық түрде ұсына алады.

Кандидаттарды іріктеудің келесі кезеңдеріне жіберу туралы шешім департаменттің интернет-ресурсында, кандидаттардың жеке кабинеттерінде, сондай-ақ онлайн-платформада келесі кезеңге жіберу туралы шешім қабылданған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде жарияланатын болады.

Бес кезеңнен өткеннен кейін Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік резервіне қабылданған адамдардың тізімі Департаменттің интернет-ресурсында, сондай-ақ комиссия шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде онлайн-платформада жарияланатын болады.

Резервшілердің Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік кадр резервінде болу мерзімі 2 жылды құрайды.

Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі кадрлармен жұмыстың ажырамас бөлігі, мемлекеттік басқару сапасын арттырудың нақты нысаны кадр резервін қалыптастыру және тиімді пайдалану болып табылады. Облыстың Өңірлік резервіне қабылданған кандидаттар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, өңірдің жергілікті атқарушы органдарында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады.

Өз кезегінде, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті өңіріміздің барлық білімді, еңбекқор, талантты және креативті азаматтарын осы жобаға белсенді қатысуға және жергілікті жерлерде өзгерістер жүргізуші болуға шақырады.

 

 

 

ҚР  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы                                                                 М.Т. Шолпанбаева

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 марта 2024
Дата обновления
05 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
05 марта 2024
Өңірлік кадр резерві
Бағыттар
12 февраля 2024
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Бағыттар
12 февраля 2024
Мемлекеттік қызметтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы