Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын! Балалар өмірімізге мән беріп, қуанышқа толтырады. Олардың шынайы күлкісі мен пәк жүректері бізді жақсылыққа жетелеп, болашақтың қамын ойлауға ынталандырады. Барша балаға – бақытты балалық шақ, ал ата-аналарға әр сәттен ләззат алуды тілейміз! Балаларды қорғау күні мерекесі құтты болсын!
Қымбатты отандастар, ардақты ардагерлер!
Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймын! Шын жүректен зор денсаулық, тіршіліктің ұзақ әрі жарқын, алаңсыз күндерін, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін! Отбасыңыз аман болсын, тыныштық орнаған заман болсын!
Құрметпен Еркебулан Чакпакулы!
Құрметті Отан қорғаушылар!
Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.
Құрметті Жерлестер!
Сіздерді – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Мамырдың бірінші күндері Қазақстанның аса жарқын әрі мейірімді мерекелерінің бірі – Қазақстан халықтарының бірлігі күнін тойлайды.
Бұл достық, сыйластық пен ынтымақ мерекесі. Бұл 150 астам ұлт мекендейтін елімізде бейбіт өмір сүру үшін талап етілетін қағидалар. Қазақстанның кең шаңырағы астында қазақтар, өзбектер, орыстар, украиндар, неміс, корей, ұйғыр, қырғыз, армян, грузин және көптеген басқа ұлт өкілдері тұрады. Осы ұлттардың әрқайсысы бірегей таптырмас қасиеттерге ие, дегенмен Қазақстан аумағында біз – тату өмір сүретін бір халықпыз. Бірінші мамыр мерекесінің мәні де осы.
Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт пен шаттық, мол табыс тілеймін.
Құрметпен ауылдық округ әкімі Е.Четыков
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алужөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша(https://vz.ru/news/2026/1/4/1385164.html,https://www.ixbt.com/live/offtopic/mvd-predupredilo-o-vredonosnyh-zagruzkah-cherez-knizhnye-boty-v-telegram.html) алаяқтар тегін электрондық кітаптар ретінде Telegram-ға зиянды файлдарды таратады.
Алдау схемасы өте қарапайым: Сіз Telegram-нан кітаптардың үлкен кітапханасына қолжетімділік туралы шектеусіз хабарлама аласыз.
Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ кітапты оқу немесе жүктеудің орнына Сізге «арнайы қосымша» деген атаумен вирустық файл жібереді.
Файлды орнату өте ауыр салдарға әкеледі: парольдер мен ақшаларды ұрлау, хат алмасу және фото суреттерге қол жеткізу, смартфонды қашықтан
басқару және жеке деректерді жоғалту.
Бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату жағымсыз салдарларға әкеп соғуы мүмкін.
Кибергигиена ережелерін сақтау және жеке қырағылық осындайқауіп-қатерлерден қорғаудың негізгі шаралары болып қалуда.
Сіздерді еліміздің ең басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – халқымыздың бірлігі мен еркіндігінің символы. Бүгінгі күнде ел тыныштығы, ұрпақтың бақыты мен болашағы әрбіріміздің еңбегімізге байланысты. Сіздерге мықты денсаулық, отбасы бақытын, еңбек жолында табыс тілеймін! Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік, еліміз гүлдене берсін!
І\т: Округ әкімі Е.Четыков
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №899 бұйрығымен «2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары» бекітілді. Жоспардың мақсаты-құқықтық ақпаратқа қол жеткізу болып табылады.
Құқықтық мәдениет қоғамның әлеуметтік өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады, бұл азаматтардың өз құқықтары мен міндеттері туралы хабардарлығын, заңдарды білуін және құқықтық тәртіпті құрметтеуін көрсетеді. Осы іс-шара жоспарына орай "Сарытерек ауылдық округ әкімінің аппараты" ММ-нде құқық кабинеті жұмыс істейді. Бұл азаматтарға өз құқықтары мен міндеттері туралы қажетті ақпаратты кез келген уақытта алуға мүмкіндік береді.
Жұмыс кестесі: жұмыс күндері 0800-1730
үзіліс 1200-1330
Skills Enbek платформасында 89 мыңнан астам қазақстандық оқыды
2024 жылдың басынан бастап 89,1 мың азамат, оның ішінде 44,5 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификат алды. Платформада барлығы 474 мың қазақстандық тіркелген, оның 113,4 мыңы – 2024 жылы тіркелді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Оқудан өткен 44,5 мың жұмыссыз азаматтың 13,8 мыңға жуығы негізінен Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды, Қызылорда облыстарының және Шымкент қаласының жастары.
Платформа іске қосылғаннан бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 608 курс жариялады, оның 276-ы тегін. Сондай-ақ, одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Courstore, Fluent Education және Яндекс.Қазақстан серіктестерінің курстары бар.
Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.
Қыркүйек айындағы ең көп сұранысқа ие курстар – «Әлеуметтік жұмысқа кіріспе», «Продавец», «Построение отдела продаж в отеле», «Основы социальной работы» және «Управление персоналом».
Платформада мемлекеттік қызмет, әлеуметтік қызмет көрсету, SMART SKILLS және т.б. салалардағы түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді.
Оқуға https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе enbek.kz сайтындағы «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы тікелей қол жеткізуге болады.
2023 жылдың желтоқсан айынан бастап курстарды Enbek мобильді қосымшасы арқылы оқуға болады, қосымшаны Google Play және App Store-дан жүктеуге болатынын естеріңізге саламыз.
Платформада тіркелу және жұмыс істеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша «ЕРДО» АҚ жауапты қызметкерлерімен байланысуды сұраймыз: 8 (7172) 95 43 17 (ішкі. 877, 878, 888).
Ағымдағы жылы "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында берекесі мен бірлігі жарасқан Шалқар ауылындағы Байботанов көшесін орташа жөндеу жұмыстарын "Зайсан құрылыс компаниясы" ЖШС-і атқаруда. Жол жөндеу - сауапты іс.
Сарытерек ауылдық округ әкімі аппараты" ММ-нің қызметкерлері 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай қарияларымызды айтулы мерекемен құттықтап, қарттарымыздың ақ батасын алды.
🔶Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін үлкен парыз.
«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақтың берген тәрбиесі мен тәлімі мол.
Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз сіздер, аман-есен жүргейсіздер!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін!
Ізгі тілекпен: округ әкімі Сакенов Нұржан Сакенұлы