Біржан ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму төлқұжаты

Біржан  ауылдық округінің  әлеуметтік-экономикалық даму төлқұжаты.

                   Округ әкімі – Ошақбаев Дидар Бақытбекұлы.  

 

Біржан ауылдық округінде  1349 адам,  3 елді мекен бар. Оның ішінде Біржан ауылында 852 адам, 200 үй. Қуаныш ауылында 370 адам, 84 үй. Ақарал ауылында 127 адам, 33 үй.  Округ бойынша зейнеткерлер саны  - 187, мүгедектер - 46,  көпбалалы аналар (алтын және күміс алқалар) - 102. 

         Округ орталығынан аудан орталығына дейін 42 шақырым, облыс орталығына дейін 507 шақырым, т/ж станциясына дейін 422 шақырым. 2024 жылдың есебі бойынша округ бойынша халық саны 1349, үй саны 317, туған бала саны 9.

         Мал саны: ірі қара 8157, қой ешкі 4624, жылқы 1861, құстар 3639.

         Егістік:  дәнді дақылдар 1107 т, майлы дақылдар 175 т, картоп 4,4 т, көкөніс т, бақша дақылдары 2000 т, мал азығы 1447 т.

         Шаруа қожалықтар саны 48, жеке кәсіпкерлер 34.

         Біржан ауылы бойынша. Жер көлемі 36090 га, егіндік 1743 га, шабындық 3591 га, жайылымдық 22107 га. Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік нысандары 2 бірлік, шаруа қожалықтары 32 бірлік, жеке кәсіпкерлер 26 бірлік. Мал басы  бойынша: ірі қара 3669, қой ешкі 2224, жылқы 620, құс 1906 бас. «Амангелді атындағы орта мектебі» КММ 1986 жылы салынған, сыйымдылығы 242 оқушы.  Қазіргі таңда 167 оқушы білім алуда. «Сәби» балабақшасы 1, сыйымдылығы 50 бала. Жанұялық амбулатория 1 бірлік.

         Қуаныш ауылы бойынша. Жер көлемі 8737 га, егіндік 850 га, шабындық 2314 га, жайылымдық 16014 га, пайдаланбайтын жерлер 120 га.  Шаруа қожалықтары 11 бірлік, жеке кәсіпкерлер 7 бірлік. Мал басы  бойынша: ірі қара 2150, қой ешкі 987, жылқы 380, құс 1112 бас. «Орманбетов атындағы шағын жинақты негізгі орталау мектебі» КММ 1990 жылы салынған, сыйымдылығы 72 оқушы.  Қазіргі таңда 49 оқушы білім алуда. Шағын орталық 1, сыйымдылығы 25 бала. Медициналық пункт 1 бірлік.

         Ақарал ауылы бойынша. Жер көлемі 26104 га, шабындық 1512 га, жайылымдық 12546 га, егіндік 511, Шаруа қожалықтары 5 бірлік, жеке кәсіпкер 1 бірлік. Мал басы  бойынша: ірі қара 2338, қой ешкі 1413, жылқы 861, құс 621 бас. Медициналық пункт 1 бірлік.

 

Дата публикации
25 июня 2024