ШҚО ветеринария басқармасы ММ 2025 жылғы 18 маусымда сағат 11.00-де Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Карл Либкнехт көшесі, 19 мекенжайы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтетінін хабарлаймыз.
"ШҚО ветеринария басқармасы" ММ әкімшілігі
«Таза Қазақстан» бастамасын қолдай отырып, қаланы тазарту бойынша сенбілік өткізді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, таза қоршаған орта – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Біз де осы игі іске өз үлесімізді қосып, айналаны абаттандыруға атсалыстық.
Табиғатты қорғау – болашаққа жасалған ең маңызды қадам.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді. Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша (https://vz.ru/news/2026/1/4/1385164.html,
https://www.ixbt.com/live/offtopic/mvd-predupredilo-o- vredonosnyh-zagruzkah-cherez-knizhnye-boty-v-telegram.html) алаяқтар тегін электрондық кітаптар ретінде Telegram-ға зиянды файлдарды таратады. Алдау схемасы өте қарапайым: Сіз Telegram-нан кітаптардың үлкен кітапханасына қолжетімділік туралы шектеусіз хабарлама аласыз. Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ кітапты оқу немесе жүктеудің орнына Сізге «арнайы қосымша» деген атаумен вирустық файл жібереді. Файлды орнату өте ауыр салдарға әкеледі: парольдер мен ақшаларды ұрлау, хат алмасу және фотосуреттерге қол жеткізу, смартфонды қашықтан басқару және жеке деректерді жоғалту. Бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату жағымсыз салдарларға әкеп соғуы мүмкін. Кибергигиена ережелерін сақтау және жеке қырағылық осындай қауіп-қатерлерден қорғаудың негізгі шаралары болып қалуда.
Қаржылық лизинг шартына сәйкес, ветеринариялық ұйымдарға 112 автокөлік табысталды. Олар тоңазытқыш қондырғыларымен, анатомиялық және хирургиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бұл жаңа техника ветеринариялық мамандардың жедел әрекет ету қабілетін арттыруға, эпизоотиялық қатерлерге уақтылы жауап беруге және облыс аумағындағы санитариялық-ветеринариялық ахуалды нығайтуға бағытталған.
Жабдықтаудың басты мақсаты – эпизоотиялық бақылауды күшейту және әсіресе шалғай және қолжетімсіз ауылдық аймақтарда профилактикалық және қарсы эпизоотиялық іс-шаралардың тиімділігін арттыру.
Бұдан бөлек, жеткізу шеңберінде ветеринариялық препараттарды "суық тізбек" талаптарына сәйкес тасымалдауға арналған арнайы рефрижератор табысталды. Бұл вакциналар мен дәрілік заттардың алыс аудандарға жеткізілу кезінде сақталуын және тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Алдағы бір ай ішінде мынадай қосымша техника жеткізу жоспарланған:
Жобаның жалпы инвестициялық көлемі 2,3 миллиард теңгені құрайды.
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі, облыс әкімдігі мен ветеринария басқармасының өкілдері, ветеринариялық қызмет мамандары, сондай-ақ ардагерлер мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшылығы қатысты.
Аталған бастама – өңірдегі ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамытуда және аграрлық сектордың тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды қадам болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысында елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін арттырудың маңызды заманауи көпсалалы ветеринариялық зертхана ашылды.
Жоба Мемлекет басшысының Қытайға ресми сапарының қорытындысы бойынша қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы үкіметаралық келісім шеңберінде жүзеге асырылды.
Ашылу салтанатына Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов және ҚХР-дың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хан Чуньлинь қатысты.
«Зертхананың ашылуы – ғылым мен технологияны дамытуға, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестіктің нәтижесі. Жаңа орталық ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынына сенімдімін», – деп атап өтті министр.
Келісім шеңберінде Қытай үкіметі ШҚО әкімдігіне жалпы құны 840 млн теңге болатын 99 бірлік заманауи зертханалық жабдық пен жиһазды тапсырды. Зертхана Қытай және халықаралық ISO 17025 стандарттарына сәйкес аккредиттелген, бұл ветеринариялық диагностика, сапаны бақылау және азық-түлік қауіпсіздігі саласында жоғары дәлдікті зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде техникалық кедергілерді жоюға және қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытай мен басқа да елдер нарығына экспорттауды кеңейтуге жағдай жасайды. Нысан ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық ветеринариялық зертханасы филиалының базасында орналасқан. Ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіліп, инженерлік желілер жаңартылды, аумақ абаттандырылды. Қытай мамандары жабдықты орнатып, баптауды жүзеге асырып, қазақстандық қызметкерлерді оқытты.. Іс-шара аясында сондай-ақ Республикалық ветеринариялық зертхананың өңірлік филиалдары мен ШҚО ветеринариялық станцияларына арналған 22 бірлік қызметтік және арнайы техниканың кілттері табысталды.