Жаңа зертхана жыл сайын аса қауіпті жұқпалар бойынша 550 мыңға дейін зерттеу және азық-түлік қауіпсіздігі көрсеткіштері бойынша 4 мыңға дейін талдау жүргізе алады

Жаңа зертхана жыл сайын аса қауіпті жұқпалар бойынша 550 мыңға дейін зерттеу және азық-түлік қауіпсіздігі көрсеткіштері бойынша 4 мыңға дейін талдау жүргізе алады

Келісім шеңберінде Қытай үкіметі ШҚО әкімдігіне жалпы құны 840 млн теңге болатын 99 бірлік заманауи зертханалық жабдық пен жиһазды тапсырды. Зертхана Қытай және халықаралық ISO 17025 стандарттарына сәйкес аккредиттелген, бұл ветеринариялық диагностика, сапаны бақылау және азық-түлік қауіпсіздігі саласында жоғары дәлдікті зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде техникалық кедергілерді жоюға және қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытай мен басқа да елдер нарығына экспорттауды кеңейтуге жағдай жасайды. Нысан ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық ветеринариялық зертханасы филиалының базасында орналасқан. Ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіліп, инженерлік желілер жаңартылды, аумақ абаттандырылды. Қытай мамандары жабдықты орнатып, баптауды жүзеге асырып, қазақстандық қызметкерлерді оқытты.. Іс-шара аясында сондай-ақ Республикалық ветеринариялық зертхананың өңірлік филиалдары мен ШҚО ветеринариялық станцияларына арналған 22 бірлік қызметтік және арнайы техниканың кілттері табысталды.