
Аталмыш шараның мақсаты – әскери тіркеуге тұруды ұйымдастыру, облыстағы әскери тіркеуді арнайы ұйымдастыру, әскери тіркеу жөніндегі таным көкжиегін кеңейту.
Әскери тіркеу және брондау туралы слайд көрсетіліп, әскери тіркеу мен брондауға енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, барлық сауалға жауап берілді.
Барлық қажетті материал мен буклеттер таратылды.
Семинарға басшылар, кадр қызметінің мамандары, кадр инспекторы, ұйым менеджерлері, бухгалтерлер, 3-4 деңгейдегі мемлекетік қызметкерлер, жұмысшылар, ұйымдардағы әскери тіркеу мен брондауды ұйымдастыратын мамандар қатысты.
Каратиндік шараларға байланысты барлық талап қадағаланып, әлеуметтік қашықтық сақталды. Залда 4-5 адам отырды.
Семинарға облыстық басқармалардан келген 23 өкіл қатысты.