
Жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы Е.А.Сәрсембиновтың төрағалығымен селекторлық жиналыс өтті. Оған аудандардағы әскери шақыру төрағалары мен медициналық комиссия мүшелері қатысты. Жиында 2020 жылы шұғыл түрде әскери қызметке шақыру туралы кеңінен айтылды. Онда қосымша тексеруге жіберілген әскерге шақырылушыларды ұйымдастыруды бақылау және шақыру кампаниясына көмек көрсету мәселелері қозғалды.
Жергілікті билік өкілдермен бірлесіп әскерге шақырылушы азаматтарды ПТР-тестілеуден өткізу, сондай-ақ барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау, жинау пунктеріндегі медициналық куәландыруды қамтамасыз ету қолға алынды.
Айта кетейік, көктемгі әскерге шақыру мерзімі 31 тамызға дейін ұзартылды.