
Қазақстанның 19 қаласында дезинфекциялаудың екінші кезеңі басталды
Күн сайын құрама жинақ жалпы аумағы 465 мың ш.м. аумаққа санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізуде. Осы бағыттағы жұмыстар адам көп шоғырланған аумақтарда өткізілуде. Нысандардың тізімі жергілікті билік өкілдерінің өтінімі бойынша беріледі. Қорғаныс министрлігі командирлерге тағы бір мәрте әскери нысандардың қауіпсіздігі - маңызды екенін ескертті. Ішкі тексеріс барысында комиссия мүшелері күзеттегі техникалық ақаулықтарды анықтап, тез арада мұндай олқылықтардың орнын толтыруды міндеттеді. Әскери бөлімдер мен мекемелердегі өрт қауіпсіздігі тексеріледі. Оның ішінде қару-жарақ сақтайтын қоймалар мен материалдық қорлар бар. Өрттің шығуына ауа температурасының күрт жоғарылауы себеп болып отыр. Әсіресе, оңтүстік өңірде ауа райы жоғары.
Ең басты міндет - жеке құрамның денсаулығын сақтау. Қорғаныс министрлігінің бұйрығымен карантин шаралары күшейтіліп, әлеуметтік қашықтық сақталуда. Сондай-ақ қол алысуға уақытша шектеу қойылды. Бұдан бөлек құжат айналымын азайту мақсында жұмыстардың дені электронды форматқа жүктелуде. Қағаздарды беру кезінде медициналық қолғаптар пайданылады.
Жеке құрамның сап түзеуіне әскери кезекшілік ғана қатыспайды. Бір жарым метр қашықтық сақталады.
Әскери қызметкерлер жұмыс орнына байланысты қашықтықтан еңбек етуде. Жалпыға ортақ қауіпсіздікті сақтау мақсатында әскерилерге отбасылық және басқа да мерекелерді шегеруге кеңес берілді.