
Өскемен,Семей, Курчатов, Павлодар қаласындағы әскери бөлімдердің автобронетанкалық техикалары мен қару-жарақтары тексерістен өтті.
Негізгі мақсат –қойылған тапсырмалар сәтті орындалуы үшін әскери техникалар мен қару-жарақтардың жауынгерлік дайындығын үздіксіз қамтамасыз ету.
-Тексеріс барысында қару-жарақтар мен техникалардың ұрыстық қолданысқа қаншалықты дайын екендігі, сонымен қатар, олардың сақталу сапасы мен әскерилердің техникалық жөндеу жұмыстарын стационарлық және далалық жағдайда қалай жүргізетіндігі анықталады, -дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының техника және қару-жарақ басқармасы бастығы подполковник Қайрат Токин.
Сонымен қатар, арнайы дайындық бойынша қарау-жарақ қызметі мамандарының оқ-дәрілер мен қару-жарақтарды сақтаудың Жарғыда бекітілген талаптарын қаншалықты білетіндіктерін анықтау үшін, кәсіби білімдері сыналды.
Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің шамамен 500 ге жуық әскери техникалардың дайындығы тексеріс қорытындысы бойынша «тамаша» деген баға алды.