
2019ж. 15 қазанда басқарманың жұмылдыру дайындығы бөлімінің бас маманы Дәурен Мукаев ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі Агенттігімен іске асырылған "Шығыс – адалдық алаңы" жобасы шеңберінде Әдептілік сағаты тақырыбы дәрісінде сөз сөйледі.
Дәрісте ұжымға әдептілік қағидалары жеткізілді, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың нөлдік төзімділігіне ерекше назар аударылды. Әдептілік қағидаларының орындалуы мен таратылуы, қазақстандық отаншылдық пен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тұлғаны тәрбиелеуде әр азаматтың рөлінің маңызы туралы белгіленді.