ЖАЛПЫ КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРУ ТУРАЛЫ

ЖАЛПЫ КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРУ ТУРАЛЫ

2021 жылғы 21 сәуірде әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің бос лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысуға үміткерлердің ұсынылған құжаттарын қарау бойынша Шығыс қазақстан облысы Жұмылдыру дайындығы басқармасының конкурстық комиссиясының отырысы өтті.

Құжаттарды қарау белгіленген біліктілік талаптарына және "Б"корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларында көрсетілген талаптарға сәйкестігіне жүргізілді.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша шешім шығарылды:

Шешім:

1.Төменде көрсетілген конкурсқа қатысушылар қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді және кандидаттың кәсіби және жеке қасиеттерін анықтау мақсатында әңгімелесуге жіберіледі:

  1. Серік Әлібекұлы Арингазин
  2. Қалижаров Дәурен Қадылқанұлы

Әңгімелесу өткізу күні: 2021 жылғы 23 сәуір.

Өткізу уақыты: сағат 15.30.

Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 23, 4 қабат, конференц зал.