
Бүгін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы – Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Камалетдиновтың төрағалығымен 2025 жылғы күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру қорытындылары бойынша кеңес өтті.
Кеңеске жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Нұрлан Махамбетов және «ШҚО жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды қамтамасыз ету қызметі» КММ-нің басшысы Рафик Симбинов қатысты.
Кеңес барысында 2025 жылғы қыркүйек-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға дайындықтың негізгі мәселелері, сондай-ақ әскери қызметтің беделін арттыруға қатысты сұрақтар қаралды.