«ШҚО жұмылдыру дайындығы басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«ШҚО жұмылдыру дайындығы басқармасы» ММ

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

  1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы: жұмылдыру дайындығы саласы.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеуші: «ШҚО жұмылдыру дайындығы басқармасы» ММ.
  3. Басқарма қызметкерлерінің мінез-құлық (іс-қимыл) ережелері.

3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырған кезде басқарма қызметкеріне:

1) лауазымдық өкілеттігін орындауға байланысты жеке мақсатында азаматтар мен заңды тұлғалардың қызметін пайдалануға;

2) өзі қызметте тұрған, не өзіне тікелей бағынысты немесе бақылауындағы мемлекеттік органда үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға;

3) кәсіпкерлік және өзге де табыс табумен байланысты әрекетті  жүзеге асыруда кімге болса да, Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылмаған кез-келген жәрдем көрсетуге;

4) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен беру көзделген ақпаратты негізсіз беруден бас тартуға, немесе оны кешіктіруге, дұрыс емес немесе толық емес ақпарат беруге;

5) жеке және заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы тұлғалар беру көзделмеген, ақпаратты талап етуге;

6) жеке және заңды тұлғаларға, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі келтіруге;

7) кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу өкілеттіктерін, сондай-ақ оған бақылау жасау және қадағалауды осындай қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға табыстауға;

8) өзінің мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларын орындағаны үшін, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше көзделмесе, тұлға тиісті фукцияларды орындамайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан кез келген ақша, көрсетілетін қызмет және өзге де түрдегі сыйақы қабылдауға;

9) өзінің мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларын атқаруына байланысты мемлекеттік қызметшілер мен оған қызметі бойынша тәуелді өзге де адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бойынша қолдау көрсеткені үшін сыйақы немесе көрсетілетін қызмет қабылдауға;

10) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың жеке сипаттағы мәселелерін шешу кезінде ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдалануға тыйым салынады.

3.2. Өз құзыретінің шеңберінде басқару және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде басқарма қызметкеріне:

1) шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсетуге;

2) лауазымдық өкілеттігін орындауға қатысы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен нұсқаулар беруге;

3) өзінің немесе жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде өзінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдалануға;

4) мемлекеттік қызметке түскен және жоғарлаған кезде заңда көзделмеген артықшылықтар (тамыр-таныстық, жекжаттық) беруге;

5) мүдделердің шиеленесуіне жол беруге тыйым салынады, ал олар туындаған жағдайда заңнамаға сәйкес оларды жою бойынша шаралар қабылдау қажет.

6) мүдделер қақтығысына жол бермеу, ал олар туындаған жағдайда заңнамаға сәйкес оларды жою бойынша шаралар қабылдау қажет.

3.3. Нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындаған кезде

Басқарма қызметкерлерімен әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобалары: 

1) азаматтардың заңнамамен белгіленген құқықтары мен бостандықтарын шектемеуі;

2) заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзбауы;

3) жоғары тұрған деңгейдің нормативтік құқықтық актілеріне қайшы келмеуі;

4) нормативтік құқықтық актіні шығарған орган құзыретінің шегінен тыс шығуы;

5) нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Нормативтік-құқықтық актілер туралы" Заңының ережелерін қатаң ұстану».

3.4. Тыныс-тіршілік саласы ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге де қарым-қатынастар кезінде:

1) заңда ол үшін тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік белгіленген теріс қылықтар және өзге де құқық бұзушылықтар жасалуына жол бермеу;

3) іскерлік этикет пен ресми мінез-құлық ережелерін сақтау;

4) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзушылықтарға жол бермеу немесе өзге де жөніндегі шараларды қабылдау;

5) ұжымда әріптестерінің абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін олардың жеке және кәсіби қасиеттерін талқылаудан аулақ болу;

6) басшылардың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті және анық мәліметтер беру;

  1. 4. Өзге шектеулер мен тыйым салулар

4.1. Басқарма қызметкерлері:

1) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуі, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауы;

2) адал, әділ, қарапайым болуы, жалпы жұрт қабылдаған моральдық-этикалық нормаларды сақтауы, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы;

3) олар қабылдаған шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуі;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын қабылданған шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуі;

5) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін,  мемлекеттік органдардың жұмыс істеуіне  кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруы;  

6) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін көтеруі, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйым салуларды сақтауы;

7) өз іс-әрекеттерімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға алу үшін емес себеп бермеуі, сын үшін қудалауға жол бермеуі, сындарлы сынды кемшіліктерді жою және өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануы;

8) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;

9) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауы;

10) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуі, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануы;

11) қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауы, өзінің қызметтік міндеттерін адал, әділ және сапалы атқаруы, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануы;

12) мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұрауларына толық сүйене отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауы;

13) құжаттардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуі,  жоғалу, бұрмалау (жалған құжат жасау) мүмкіндігін болдырмауы, құжатты орындамау және бір құжатты қайта орындау, орындамай негізсіз қайтаруды болдырмауы тиіс;

14) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде мемлекеттік қызметшінің сыртқы түрі мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуі, жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стильге сәйкес болуы тиіс, ол ресмилігімен, ұстамдылығымен, ұқыптылығымен өзгешеленеді.

Антикоррупционный стандарт Управления по мобилизационной подготовке Восточно-Казахстанской области
Дата публикации
23 октября 2020