Азаматтарды әскери қызметке шақырылудан босату негізі
«Әскери қызмет және әскери міндет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес бейбіт уақытта азаматтар әскери қызметке шақырылудан келесі жағдайда босатылады:
1.Әскери қызмет өтіп жатқандар немесе өткендер;
2.Денсаулығына байланысты әскери қызметке жарамсыздар;
3.Заңнама негізінде әскер қатарына шақырылмаған жиырма жеті жасқа толғандар;
4.Әскери қызметтік міндетін атқару кезінде бірінші немесе екінші топтағы мүгедек немесе қайтыс болған туыстары (әкесі, анасы, бауыры немесе қарындасы, әпкесі) болған жағдайда; 5.Басқа мемлекетте әскери қызметтен (баламалы) өткендер;
6.Ғылыми дәрежесі барлар.