Меню

Страницы

Статья

Государственные услуги

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою тәртібі.
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарының есебіне осы елді мекенде тұрақты тұратын және оған жататын Қазақстан Республикасының азаматтары қойылады.:

Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;
жетім балаларға, ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
Халықтың әлеуметтік осал топтарына;
Мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, косманавттарға кандидаттарға, косманавттарға және мемлекеттік сайланбалы лауазымдарды атқаратын адамдарға;
Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апатты деп танылған азаматтарға.

1. Осы қызметтен өту рәсімі:
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою үшін өтініш беруші Халыққа қызмет көрсету орталығында өтініш береді, бұдан әрі жиналған құжаттары бар өтініш аудан әкімінің орынбасарының төрағалығымен аудан әкімі жанынан құрылған тұрғын үй комиссиясының қарауына жіберіледі және ұсынылады. Тұрғын үй комиссиясы берілген құжаттарды қарап, өтініш берушіні кезекке қою туралы шешім шығарады және оны жазбаша хабардар етеді.

2. Қажетті құжаттар тізімі :
- мәлімдеме;
- азаматтың отбасы құрамы мен тұрғылықты жері туралы анықтама (қажет болған жағдайда өтініш беруші "тұрғын үй қатынастары туралы"Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басқа адамдарды отбасы мүшелері деп тану туралы Жергілікті атқарушы органдардың анықтамасын ұсынады;
- өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде оларға меншік құқығымен тиесілі тұрғын үйдің жоқтығы туралы анықтама;
- өтініш берушінің (отбасының) әлеуметтік қорғалатын азаматтарға тиесілігін растайтын әлеуметтік қорғау органының анықтамасы не мемлекеттік қызметшінің, бюджеттік ұйым қызметкерінің,әскери қызметшінің жұмыс (қызмет) орнынан анықтама;
- мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесінің отбасында қосымша тұрғын бөлмеге құқық беретін аурудың ауыр түрімен ауыратын адамның болуы туралы анықтамасы (егер отбасында осындай науқас болса)

3. Үлкен Нарын ауданы бойынша осы қызметтерді ұсынатын мекемелердің мекенжайы мен телефондары:
Шығыс Қазақстан облысы,
Үлкен Нарын ауданы,
Үлкен Нарын ауылы,
Абылайхан көшесі № 87
телефон: 2-18-78

Дата публикации
13 мая 2024
Дата обновления
13 мая 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Бағыттар
13 октября 2026
Қаулылар
Бағыттар
23 сентября 2026
Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің сайлауы - 2026 жылғы 1 қараша

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы