Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 73, 75-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Үлкен Нарын ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- 2025-2027 жылдарға арналған Үлкен Нарын ауданының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 3 812 770,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 267 596,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 3 545 174,0 мың теңге;
2) шығындар – 3 812 770,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 333 953,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 333 953,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 333 953,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 333 953,0 мың теңге:
қарыздар түсімі – 333 953,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0,0 мың теңге.
- 2025 жылға арналған аудандық бюджетке әлеуметтік салық, жеке табыс салығы бойынша кірістерді бөлу нормативтері 100 пайыз көлемінде атқаруға қабылдансын.
- 2025 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 5 352,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
- 2025 жылға арналған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- 2025 жылға арналған аудандық бюджетке облыстық бюджеттен түскен нысаналы ағымдағы трансферттер және даму трансферттері 5-қосымшаға сәйкес ескерілсін.
- 2025 жылға арналған аудандық бюджетке республикалық бюджеттен түскен нысаналы ағымдағы және даму трансферттері 6-қосымшаға сәйкес ескерілсін.
- Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлінген 2025 – 2027 жылдарға арналған аудан бюджетінің бюджетік даму бағдарламаларының тізбесі
7 қосымшаға сәйкес ескерілсін.
- 2025-2027 жылдарға арналған ауданның жергілікті атқарушы органдарының резерві 8-қосымшаға сәйкес ескерілсін.
- 2025 жылға арналған ішкі қарыздарды тарту есебінен тұрғын-үй сатып алуға кредиттер 9-қосымшаға сәйкес ескерілсін.
- Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы Ж. Сыдыкова