Үлкен Нарын ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы.

Үлкен Нарын ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы.

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қолданылады  (бұдан әрі- Қағидалар).

Мамандар үшін келесі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады:

1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада (2024 жылы 369 200 теңге);

2) тұрғын үй сатып алуға немесе салуға ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада (2024 жылы 9 230 000 теңге) және ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада  (2024 жыл - 7 384 000 теңге) бюджеттік кредит.

Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтардың және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бойынша ұсынылады.

Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайды.

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның  көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған Баспана Маркет otbasybank.kz жылжымайтын мүлік Порталында тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. l) көтерме жәрдемақы алған кезде:

осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

 жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

 көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

2) тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алған кезде:

 осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

Кредиттік бюродан есеп;

Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алуға бір мезгілде өтініш беруге жол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде өтінішке көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ немесе бір реттік парольмен куәландырылған көрсетілген құжаттардың (тиісті ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды қоспағанда) электрондық (сканерленген) көшірмелері қоса тіркеледі.

Қызметті уәкілетті орган – «Үлкен Нарын ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 6 (алты) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған).

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Порталда көрсетілетін қызметті алушыға берілген, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) жасасу қажеттігі туралы, есепке алу және кезектілікке қою туралы хабарлама немесе әлеуметтік қолдау шарасын ұсынудан дәлелді бас тарту әлеуметтік қолдау шараларын көрсету нәтижесі болып табылады.

Толық ақпарат алу үшін Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан көшесі, 116 үй, «Үлкен Нарын ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ мекенжайына хабарласуға болады.

Дата публикации
12 ноября 2024