ҮЛКЕН НАРЫН АУДАНЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Үлкен Нарын ауданының әкімі - Байрахметов Елдос Жанболатұлы.
Аудан 1935 жылы құрылған, аумағы: 3,8 мың шаршы км (облыс аумағынан 3,9%).
Ауданның әкімшілік бөлінісі: 6 ауылдық округ, 21 ауылдық елді мекен.
2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша аудан халқының саны 10,8 мың адамды немесе облыс халқының 1,5% құрады (ШҚО – 726,3 мың адам).
Халықтың ұлттық құрамы (2024 жылдың басында): қазақтар – 71,9%, орыстар – 25,9%, басқалары – 2,2%.
АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Аудан экономикасын дамытуда негізгі бағыт айтарлықтай экономикалық әлеует шоғырланған агроөнеркәсіптік кешенге тиесілі. Ауданда ауыл шаруашылығы бағытында өсімдік шаруашылығымен қатар мал шаруашылығы дамыған.
Ауданның мал шаруашылығының айрықша ерекшелігі оның көп салалы сипаты болып табылады. Салалар бөлінісінде мал шаруашылығы мен қой шаруашылығында неғұрлым белсенді даму байқалады.
Өсімдік шаруашылығы саласында егіншілік дамыған, негізгі бағыттары дәнді және майлы дақылдар өндірісі.
Ауданда 18 мекеме халыққа медициналық көмек көрсетеді, олардың ішінде: «Катонқарағай ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК, дәрігерлік амбулаториялар.
Ауданда білім беру нысандарының жалпы саны 24 бірлікті құрайды , оның ішінде:
- 396 бала контингенті бар 6 мектепке дейінгі ұйым (штат саны-174 қызметкер,оның ішінде 44 тәрбиеші ), оның ішінде 106 бала контингенті бар шағын орталықтар (штат саны – 8 тәрбиеші). Мектепалды сыныптарда 124 бала оқиды (90 қаз, 34 орыс ).
- 1601 оқушы контингенті бар 16 орта білім беру ұйымы (14 шағын жинақты мектеп немесе 88%), оның ішінде : аралас тілді 1601 (штат саны – 403 мұғалім).
- 2 қосымша білім беру ұйымы, 144 баланы қамтыған балалар музыка мектебі (штат саны – 23 қызметкер), 670 баланы қамтыған шығармашылық үйі (штат саны-24,5 қызметкер).
Үлкен Нарын ауданында мәдениет нысандарының саны - 22 бірлікті құрайды, оның ішінде: мәдениет үйі, Достық үйі, ауылдық клубтар, өлкетану орталығы, ауылдық кітапханалар.
Жол-көлік инфрақұрылымы
Үлкен Нарын ауданының аумағы бойынша 281,6 км жол өтеді, оның ішінде 80 км республикалық маңызы бар, 111 км облыстық маңызы бар және 90,6 км аудандық маңызы бар жолдар.