Скорингтік модельді енгізу туралы

      Скорингтік модель – бұл отбасының мемлекеттік қолдауға мұқтаждық деңгейін анықтауға көмектесетін жүйе. Ол Отбасының цифрлық картасының деректері негізінде жұмыс істейді және отбасының табысы, жұмыспен қамтылуы, бала саны, тұрғын үй жағдайы және басқа да маңызды көрсеткіштер сияқты түрлі өмірлік жағдайларды ескереді.
Жүйенің басты мақсаты – мемлекеттік көмектің шын мәнінде мұқтаж отбасыларға көрсетілуін қамтамасыз ету. Осы мақсатта әр отбасының әл-ауқат деңгейі автоматты түрде айқындалады.
Сонымен қатар, скорингтік модель азаматтарды әлеуметтік көмек алу құқығынан айырмайды, керісінше қолдау көрсету жүйесін әділ, ашық және атаулы етуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта әлеуметтік көмек шараларын жетілдіру және біріздендіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл қызметтер мен қолдаудың барлық азаматтарға бірыңғай әрі түсінікті қағидалар негізінде көрсетілуі үшін жасалуда.
Барлық шаралар әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыруға және көмекке мұқтаж отбасыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталған.

Скорингтік модельді енгізу туралы
Дата публикации
03 июля 2026