«Үлкен Нарын ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Үлкен Нарын ауданы аумағында жер қатынастары саласындағы қызметті жүзеге асыруға Үлкен Нарын аудан әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, жер қатынастары саласындағы актілерге, сондай-ақ бөлімнің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
Ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2017 жылғы 04 желтоқсандағы № 540 бұйрығына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық –құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген «Үлкен Нарын ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.
Бөлімнің орналасқан жері: Индексі 070900, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Үлкен Нарын ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Аблайхана көшесі, 91.
Толық атауы: «Үлкен Нарын ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Қысқаша атауы: «Үлкен Нарын ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ.
Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен жер қатынастары бөлімінің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер жер қатынастары бөліміне Қазақстан Республикасының Жер кодексімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Бөлімнің миссиясы: жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Бөлімнің міндеттері:
1) Үлкен Нарын ауданында жер қатынастарын реттеу;
2) жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыру, қолайлы экологиялық жағдайды жақсарту және табиғи ландшафтарды құру бойынша жер заннамасының, облыстың, ауданның жергілікті органдарының қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету.
Бөлімнің функциялары:
1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
4) геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы ұсыныстарының және шешімдерінің жобаларын дайындау;
5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
6) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
8) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
9) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
10) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
12) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер балансын жасау;
13) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
14) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
15) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
16) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
17) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
18) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
19) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
20) жер-кадастрлық жоспарды бекіту жатады;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органға жүктелген жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Өз функцияларын жүзеге асыру және негізі міндеттерді іске асыруда заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлімнің құқығы бар:
1) мемлекеттік органдар мен басқа ұыймдарадан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан қажетті ақпарат сұрау және салу;
2) жерге құқық беру және тоқтату бойынша заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша атқарушы органдардың қарауына ұсыныстарды енгізу;
3) заңнамамен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру.
4) Үлкен Нарын аудан әкімдігі мен Үлкен Нарын аудан мәслихатының Қазақстан Республикасының Жер кодексіне қайшы келетін шешімдерінің күшін жою туралы ұсыныстар енгізуге.
5) Бөлімнің ережесінде, Қазақстан Республикасының Жер кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.