
Айдарбаева Тамара Толеугазиновна 1966 жылғы 01 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Благодатное ауылында дүниеге келген.
2014 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
13.02.1997 – 01.10.2009 жж. — «Азамат» шаруа қожалығында бухгалтер
05.01.2010 – 29.03.2010 жж. — Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде штаттан тыс қызметкер
16.04.2010 – 30.07.2010 жж. — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маманның міндетін атқарушы
30.07.2010 – 15.07.2024 жж. — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы
16.07.2024 – 18.11.2024 жж. — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бас маманы
19.11.2024 – 01.02.2026 жж. — Үлкен Нарын ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің орынбасары
02.02.2026 – 10.03.2026 жж. — Үлкен Нарын ауданы әкімінің аппараты тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі инспекторы
10.03.2026 – 07.04.2026 жж. — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы, Үлкен Нарын ауылы, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы
07.04.2026 ж. – қазіргі уақытқа дейін — Үлкен Нарын ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы