GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Әкім аппараты
Қызметі
Все материалы
16 октября 2026
ЖҰҚА МҰЗҒА ШЫҚПАҢЫЗ – ӨМІРІҢІЗДІ ҚАУІПКЕ ТІКПЕҢІЗ!

Күзгі-қысқы кезеңде су айдындарында мұздың қалыптасуы басталады. Алайда алғашқы мұздың қаттылығы мен беріктігіне сенуге болмайды. Жұқа мұз адам салмағын көтере алмай, қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
   Шығыс Қазақстан облысында балық аулауды ұнататын азаматтар мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы қажет. Әсіресе алғашқы мұз қатқан кезде және күн жылынғанда су айдындарына шығу аса қауіпті.

Мұздың қауіпті учаскелері
Мұздың қалыңдығы су айдынының әр жерінде әртүрлі болуы мүмкін. Әсіресе өзен ағысы бар жерлерде, бұлақтардың маңында, қамыс өскен аумақтарда, су құятын жерлерде және қар басқан учаскелерде мұз әлсіз болады.
Мұздың үстінде жарықтардың пайда болуы, судың шығуы немесе сықырлаған дыбыстың естілуі – қауіптің белгісі. Мұндай жағдайда дереу қауіпсіз бағытпен жағалауға қарай қайту қажет.

Балықшыларға арналған қауіпсіздік ережелері

– Мұздың беріктігіне көз жеткізбей, су айдынына шықпаңыз.
– Мұздың беріктігін аяқпен теуіп тексермеңіз.
– Балық аулауға жалғыз бармаңыз, жақындарыңызға қай жерде болатыныңызды хабарлаңыз.
– Құтқару кеудешесін киіп, өзіңізбен бірге құтқару құралдарын, арқан және су өткізбейтін қаптағы ұялы телефон алыңыз.
– Қалың қар басқан және мұздың құрылымы белгісіз жерлерден аулақ болыңыз.
– Мұз үстінде от жақпаңыз және бір жерде көп адам болып жиналмаңыз.
– Алкоголь ішпеңіз. Ол қауіпті дер кезінде бағалау қабілетін төмендетеді.
Егер адам мұз астына түсіп кетсе, не істеу керек?
Ең алдымен, 112 нөміріне қоңырау шалып, оқиға орны туралы нақты ақпарат беріңіз. Зардап шеккен адамға көмек қажет екенін дауыстап хабарлаңыз.
Мұз астына түскен адамға көмектесу үшін оның жанына жүгіріп бармаңыз. Мұз үстімен жатып немесе еңбектеп, қауіпсіз қашықтықтан арқан, ұзын таяқ немесе басқа да қолда бар затты ұсынуға болады. Егер мұздың беріктігіне күмән болса, өз өміріңізге қауіп төндірмеңіз.
Судан шығарылған адамды суықтан қорғап, жылы жерге жеткізуге көмектесіңіз және медициналық көмек келгенше жанында болыңыз.

Құрметті балықшылар!

Бір сәттік немқұрайлылық орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз, жұқа мұзға шықпаңыз және өз өміріңізді қатерге тікпеңіз.
Есіңізде болсын: қауіпсіздік – әр адамның өз жауапкершілігі!
Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз

 

Ұлан ауданының ТЖБ

Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
13 октября 2026
ҰЛАН АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін 2026 жылғы 13 қазанда Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  2026 жылғы  29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша алғашқы отырысы өтті.

Отырыс барысында алдағы сайлау науқанына дайындық пен оны өткізуге байланысты ұйымдастыру мәселелері қаралып, комиссия жұмысының алдағы негізгі бағыттары айқындалды.

Отырысқа сондай-ақ комиссия жұмысының барысын жария ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты.

06 октября 2026
«Ұстаз – ұлттың ұстанымы» атты мерекелік шара
 
Бүгін аудан орталығындағы Балалар музыка мектебінде Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған «Ұстаз – ұлттың ұстанымы» атты мерекелік шара өтті.
Шара барысында ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбектеріне алғыс білдірдім. Еңбегімен ерекшеленген педагогтер марапатталып, ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді.
Абай Құнанбайұлы «Адамның адамшылығы… жақсы ұстаздан болады» деген. Ұстаз еңбегі – жас ұрпақтың қалыптасуы мен ел болашағына қосылатын маңызды үлес.
Барша ұстаздарға зор денсаулық, отбасыларына амандық, кәсіби қызметтеріне табыс тілеймін! Шәкірттерінің жетістігі еселене берсін!
05 октября 2026
«ШЫҒЫС САЛБУРЫНЫ – 2026» І Азия кубогіне шақырамыз!

Құрметті жерлестер және Ұлан ауданының қонақтары!

9–10 қазан күндері Ұлан ауданы, Бозанбай ауылындағы «Бүркіт төбеде» қазақтың дәстүрлі құсбегілік өнерін дәріптейтін «ШЫҒЫС САЛБУРЫНЫ – 2026» І Азия кубогі өтеді.
Айтулы халықаралық додаға 9 елдің бүркітшілері қатысып, бүркіт, қаршыға, сұңқар және ителгімен бақ сынайды.
Көрермендер назарына ұлттық спорттың бірегей түрлері — тазы жарысы, асау үйрету, жамбы ату, теңге ілу және «Толағай» жарысы ұсынылады.
Мерекелік кеште танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді.
Ұлттық рух пен дәстүрді дәріптейтін, спорт пен өнер тоғысатын айтулы шараға баршаңызды отбасыларыңызбен бірге келіп, тамашалауға шақырамыз!

Бозанбайда кездескенше!

📍 Ұлан ауданы, Бозанбай ауылы, «Бүркіт төбе»
📅 9–10 қазан 2026 жыл

#ШығысСалбурын2026 #АзияКубогі #ҰланАуданы #Бозанбай #Құсбегілік

29 сентября 2026
Дүниежүзілік туризм күні
Дүниежүзілік туризм күніне орай Ұлан ауданындағы туристік саланың өкілдерімен кездестім.
 Кездесуге туристік бизнес өкілдері, демалыс базаларының басшылары, гидтер, экскурсоводтар, өлкетанушылар, кәсіпкерлер және мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Жиында ауданның туристік әлеуетін тиімді пайдалану, инфрақұрылымды дамыту, жаңа туристік маршруттарды қалыптастыру және туристер ағынын арттыру мәселелері талқыланды. Ауданымыздың табиғи, тарихи-мәдени әлеуеті жоғары. Сібе, Дубыгалы, Шыбынды көлдері, тау-орман ландшафттары мен тарихи-киелі орындар туризмнің түрлі бағыттарын дамытуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жазушы, зерттеуші Борис Щербаковтың «Коктау — көлді Көктаудың өлкесі» атты кітабының таныстырылымы өтті.  Іс-шара аясында туризм саласын дамытуға үлес қосқан азаматтар марапатталды.
 Ауданда туристік инфрақұрылымды жетілдіру, жаңа бағыттарды қалыптастыру және туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыстар жалғасады.
23 сентября 2026
Шымкентте заманауи AI-кеңсе іске қосылды

Шымкентте мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға және цифрлық сервистерді пайдалануға арналған еліміздегі бесінші жаңа форматтағы цифрлық кеңсе ашылды. Кеңістік мемлекеттік қызметтерді пайдаланудың қолайлылығы мен қолжетімділігіне қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып жасақталған.

AI-кеңседе жедел қызмет көрсету, цифрлық, сараптамалық және оқыту аймақтарымен қоса демалуға арналған арнайы орын қарастырылған. Кеңсе моноблоктармен, жоғары жылдамдықты сканерлермен және eGov GPT сервисі орнатылған ақпараттық экрандармен жабдықталған.

Жаңа кеңсенің басты жаңашылдықтарының бірі - құжаттандыру терминалы. Оның көмегімен азаматтар жеке куәлік немесе паспортты өз бетінше бірнеше минуттың ішінде рәсімдей алады.

«Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру - күнделікті жұмысымыздың ажырамас бөлігіне айналды. Біз Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық міндеттер аясында қызметтерді автоматтандырып, азаматтарға барынша қолайлы әрі қолжетімді жағдай жасауға басымдық беріп келеміз. AI-кеңселер - осы бағыттағы нақты қадам», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Мұнда цифрлық сервистермен қатар, азаматтар цифрлық дағдыларын жетілдіріп, электрондық сервистерді пайдалануды тегін үйретуге арналған арнайы оқыту аймақтары да қарастырылған.

Бұған дейін осындай AI-кеңселер Астана қаласында, сондай-ақ Түркістан және Ұлытау облыстарында ашылған болатын. Мемлекеттік корпорация алдағы уақытта заманауи цифрлық кеңселер желісін еліміздің басқа өңірлерінде де дамытуды жоспарлап отыр.

21 сентября 2026
Қазақстандықтар жыл басынан бері бала тууына байланысты 200 мыңнан астам біржолғы мемлекеттік жәрдемақы рәсімдеді

Сәбидің дүниеге келуі -  кез-келген отбасы үшін зор қуаныш. Бұл маңызды оқиға тиісті мемлекеттік жәрдемақыларды рәсімдеу сияқты жауапты міндетпен толығады. Ата-аналар бала тууына байланысты жәрдемақыны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ала алады. Биылғы жылдың 8 айында бала тууына байланысты біржолғы төлемді 200 мыңнан астам отбасы рәсімдеген.

Бұл ретте қызметті проактивті түрде алу мүмкіндігі болғандықтан, жәрдемақы рәсімдеу үшін ХҚКО-ға арнайы бару міндетті емес. Бала тууы тіркелгеннен кейін ата-ананың біріне SMS-хабарлама жолданады. Жәрдемақы алуға келісімін растап, банк шотын көрсеткеннен кейін төлем автоматты түрде тағайындалады.

Рәсімделген төлемдердің басым бөлігі оңтүстік өңірлер мен республикалық маңызы бар қалаларға тиесілі. Мемлекеттік қолдауға ие болғандар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Онда 28 мыңнан астам отбасы жәрдемақы алған. Екінші орында 19 мыңнан астам төлем рәсімделген Алматы қаласы тұр. Ал үздік үштікті 17 мыңнан астам отбасы жәрдемақы алған Астана қаласы түйіндейді.

Мемлекеттен берілетін біржолғы қаржылай көмек мөлшері нәрестенің дүниеге келген кезегіне байланысты. 2026 жылы бірінші, екінші немесе үшінші бала дүниеге келгенде 164 350 теңге берілсе, одан кейін туған балаларға берілетін жәрдемақы құны 272 475 теңгені құрайды.

Ата-аналар құжаттарды бала туған күннен бастап 18 ай ішінде рәсімдеуі маңызды. Себебі аталған мерзім өткеннен кейін, жәрдемақы алу құқығы жойылады.

Жәрдемақыны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 7 жұмыс күні ішінде, ал электронды үкімет порталы мен екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы 4 жұмыс күні ішінде рәсімдеуге болады.

Жер қатынастары
04 сентября 2026
«Ұлан ауданы әкімінің аппараты» ММ конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша «Ұлан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі

 

№

п/п

Жер учаскесінің орналасқан жері (ауылдық округтен арақашықтығы км, жер учаскесінің лот № )

Жер учаскесі қандай мақсатқа беріледі оның ішінде

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

Жалпы аудаңы, га Жалға беру мерзімі, жыл

Алқаптардың құрамы,

оның ішінде

Топырақтың сапалық сипаттамасы, орташа балл бонитет

Сумен қамтамасыз етілуі

Өзгеде

Шаруа немесе фермер қожалығы жүргізу үшін

А/шаруашылығы өндіріс

Егістік

Жайылымдық

Шабындық

Басқа алқап-тар

 

 

 

1

05-079-045 есеп кварталы Каменка ауылынан 6,9 км оңтүстік-шығысқа қарай

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

 

Өсімдік және

мал

шаруашылығы

257,1

 

10 жыл

 

0,7

 

228,4

 

-

 

28,0

қара-қоңыр топырақ,

б/б 7

 

жоқ

 

2

05-079-049 есеп кварталы Восточное ауылынан 1,5 км оңтүстік-батысқа қарай

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

 

Өсімдік және

мал

шаруашылығы

14,0

 

10 жыл

 

14,0

 

-

 

-

 

-

қара-қоңыр топырақ,

б/б 45

 

бар

 

3

05-079-043 есеп кварталы Гагарино ауылынан 5,5 км оңтүстік-батысқа қарай

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

 

Өсімдік және

мал

шаруашылығы

502,0

 

10 жыл

4,7

435,9

1,4

60,0

қара-қоңыр топырақ,

б/б 23

 

жоқ

 

4

05-079-057есеп кварталы Казачье ауылынан 0,5 км батысқа қарай

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

 

Өсімдік және

мал

шаруашылығы

50,083

 

10 жыл

48,7

1,383

-

-

қара-қоңыр топырақ,

б/б 33

жоқ

 

5

05-079-061 есеп кварталы Восточное ауылынан 4,3 км солтүстік-батысқа қарай

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

 

Өсімдік және

мал

шаруашылығы

52,1766

 

10 жыл

4,1

47,8766

-

0,2

қара-қоңыр топырақ,

б/б 35

 

жоқ

 

 ЕСКЕРТПЕ

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2)  конкурстық ұсыныс;

Конкурстық ұсыныста:

Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Шаруашылық ішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң 2026 жылдың «05» қазанна бастап 2026 жылдың «23» қазан аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі. Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің  орналастыру схемасымен жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында, ауылдық округтердің және аудандық жер қатынастары бөлімінің ақпарат бұрыштарынан танысуға болады.

Толық ақпаратты Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, « Ұлан ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нен мына байланыс телефондары арқылы 872338(77-168) алуға болады.

03 сентября 2026
Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

Камбоджа Корольдігі Ішкі істер министрлігінің делегациясы мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін цифрландыру мен модернизациялаудағы қазақстандық тәжірибені үйрену мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына барды.

Сапар барысында шетелдік қонақтар фронт-офистердің жұмысымен, өтінімдерді қабылдау және дайын құжаттарды беру процесімен, сондай-ақ азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасы мен жылдамдығын арттыруға бағытталған заманауи шешімдермен танысты.

Қолданыстағы жүйенің ауқымы делегацияға Қазақстандағы халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру барысын іс жүзінде көруге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда елде жұмыс істейтін 318 фронт-офистарында азаматтарға мемлекеттік қызметтің 1330 түрі қолжетімді. Оның 1272-сі электрондық үкімет порталы арқылы онлайн-форматта көрсетіледі.

Сапар аясында делегацияға Кайдзен қағидаттары бойынша жобаланған, өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары кеңейтілген заманауи «Халыққа қызмет көрсетудің цифрлық офистері», сондай-ақ азаматтарға дайын құжаттарды 24/7 режимінде алуға мүмкіндік беретін постаматтар таныстырылды.

Камбоджа өкілдерінің ерекше қызығушылығын цифрлық технологиялар мен биометриялық сәйкестендіруді ұштастыратын цифрлық ХҚКО-ның жаңа форматы – AI-офистер тудырды. AI-офистер үш функционалдық аймақты қамтиды: SELF – өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы анықтамалар алуға, DIGITAL – онлайн қызметтерді рәсімдеуге және ASSIST – күрделі мәселелерді консультанттың көмегімен шешуге бағытталған.

Камбоджа Ішкі істер министрлігінің өкілдері таныстырылған цифрлық шешімдердің тиімділігі мен практикалық маңызын жоғары бағалады. Делегация мүшелері мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін цифрландыруға, өзіне-өзі қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуге және заманауи технологияларды енгізуге ерекше қызығушылық танытты. Қазақстанның бұл бағыттағы тәжірибесі Камбоджада мемлекеттік қызметті көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту және жетілдіру барысында пайдалы болатынын атап өтті.

 

 

 

 

 

28 августа 2026
Көп пәтерлі тұрғын үй қорын түгендеу және ғимараттардың бірыңғай тізілімін құру туралы жаңалықтар жобаларын әзірлеу

ЖАҢАЛЫҚТАР МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ЖОБАЛАРЫ

көппәтерлі тұрғын үй қорын түгендеу және үйлердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру туралы

Материал 1.

Ресми жаңалық. Алаңдар: уәкілетті органның сайты, салалық портал, республикалық БАҚ, әкімдіктердің, басқармалардың сайттары

Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.

Елдің барлық көппәтерлі үйлері мекенжайы, қабаты, пәтерлер мен тұрғын емес үй — жайлар саны, үйдің жай-күйі, лифтілер мен есепке алу аспаптары бар бір тізілімге жинақталатын болады. Жұмыс «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңды орындау және «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы, сондай-ақ күрделі жөндеу мен техникалық тексерудің мемлекеттік бағдарламаларын жоспарлау шеңберінде жүргізіледі.

Түгендеу «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 2-бабы бойынша көппәтерлі тұрғын үйдің анықтамасына сәйкес келетін барлық ғимараттарды қамтиды: кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және екі немесе одан да көп пәтерден немесе тұрғын емес үй-жайлардан тұратын жеке тұрған ғимарат. Есепке қабатына, меншік иелерінің санына, тіркелген кондоминиум объектісінің болуына және басқарудың таңдалған нысанына қарамастан, ауылдық елді мекендердегі екі және төрт пәтерлі үйлерді және басқару нысаны әлі анықталмаған үйлерді қоса алғанда, үйлер жатады.

Әрбір үйде тізілімде бірыңғай кілт бар — мекенжайдың тіркеу коды (МТК). Осы код бойынша үйге басқа көздерден алынған мәліметтер: ғимараттың техникалық сипаттамалары, сандық және сапалық көрсеткіштер, Үй-жайлар туралы деректер, басқару нысаны мен лифттердің жай-күйі туралы мәліметтер, желілер мен есептеу құралдарына қосылу туралы деректер «бекітіледі».

Мәліметтерді беру тәртібі Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпаратты қалыптастыру, өңдеу, орталықтандырылған жинау және сақтау қағидаларында белгіленген. Олар деректерді беруге міндетті ұйымдардың шеңберін анықтады: жергілікті атқарушы органдар, табиғи монополиялар субъектілері, мүлік иелерінің бірлестіктері, мүлік иелерінің кооперативтері, басқа басқару субъектілері.

Меншік иелерінің дербес деректері-тегі, жеке сәйкестендіру нөмірлері, құқық белгілейтін құжаттар және берешек туралы мәліметтер-түгендеу кезінде жиналмайды.

------------------------------------------------------------------------------------------------------- 

Тізілім не береді: лифттерді күрделі жөндеуге және ауыстыруға арналған үйлердің нақты тізімдері, үйлердің есепке алу құралдарымен жабдықталуының нақты деңгейін түсіну, орташаланған бағалаулар емес, нақты деректер негізінде желілерді жаңғыртуға өңірлердің қажеттілігін есептеу. Коммуналдық төлемдер түбіртектерінде есептеудің дұрыстығы ПИК пен МИБ, басқарушы компаниялар арасында атқарушылық құжаттаманы жүргізу және жұмыс тәртібін арттырады

-------------------------------------------------------------------------------------------------------.

Мәліметтерді жинауды облыстардың әкімдіктері аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй инспекциялары арқылы ұйымдастырады. Хабарламалар мен жұмыс нысандары мүлік иелерінің бірлестіктеріне, тікелей бірлескен басқарудағы үйлердің өкілдеріне, басқару субъектілеріне және коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге жіберіледі.

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы