«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ 16.06.2025 жылы конкурсқа ұсынылған жер учаскелерінің тізімі

«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ 16.06.2025 жылы конкурсқа ұсынылған жер учаскелерінің тізімі

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша «Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен 16.06.2025 жылы конкурсқа ұсынылған жер учаскелерінің тізімі

 

ЕСКЕРТПЕ

Жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімінде тұрған тұлғаларды қоспағанда, конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, сондай-ақ бір жыл ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпаздары жіберіледі.

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2)  конкурстық ұсыныс.

Мынадай жағдайларда конкурс өткізілмеді деп танылады:

- конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа екіден кем өтінім келіп түскен жағдайда;

- егер конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден кем қатысушы жіберілген болса.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң 2025 жылдың «26» мамырдан бастап 2025 жылдың «13» маусым аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі.Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің  орналастыру схемасымен жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында, ауылдық округтердің және аудандық жер қатынастары бөлімінің ақпарат бұрыштарынан танысуға болады.

Конкурсқа тапсырылған конверттерді ашу күні 16.06.2025 жылы сағат 14:30 де, ШҚО, Зайсан қаласы, Қонаев көшесі №54 мекен-жайда орналасқан Зайсан ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өтеді.

Толық ақпаратты Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Қабанбай көшесі №10А мекен-жайында орналасқан «Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нен мына байланыс телефондары арқылы 8(72340) 27-211 немесе Зайсан ауданы әкімінің ресми сайтынан (www.zaysan.vko.gov.kz) алуға болады