«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»  аудандық көркемсөз оқу шеберлерінің онлайн байқауы өтті

«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»  аудандық көркемсөз оқу шеберлерінің онлайн байқауы өтті

Ұлы Абайдың 175-жылдығына орай Ұлан аудының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы онлайн режимінде өткізілді.

Байқау  келешек ұрпақты Ұлы Абайдың баға жетпес мұрасын насихаттау арқылы тәрбиелеу мақсатында аудан көлемінде әртүрлі этнос өкілдерінің арасында өткізілді. 

Байқаудың шарты бойынша І- айналымда Абай өлеңдерінің ішінен таңдаған біреуін жатқа мәнерлеп оқу, 2-ші айналымда Абайдың қара сөзін көркем шеберлікпен жатқа орындау болды.

Берілген тапсырмалар бойынша орындалған шығармалар түсірілген сапалы бейне жазбалар жіберіліп, қазылар алқасының қорытындысы бейне жазбаларды көру арқылы шығарылды.

Байқау қорытындысы бойынша І-орынды Егінсу ауылдық округінің қатысушысы Жангелдінова Жанара жеңіп алса, екінші орынға Таврия ауылдық округінің қатысушысы Өрлеу Едина, ІІІ-орынға Тарғын ауылынан Ақылбек Қуаныш ие болды. Байқауға қатысушылар сыйлықтарға ие болып, Алғыс хаттармен марапатталды.

Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М. Әлібеков