Азаматтарды жеке қабылдау

Азаматтарды жеке қабылдау

Бүгін азаматтарды жеке қабылдадым, қабылдау барысында аудан тұрғындары бірнеше маңызды мәселені көтерді. Жер мәселесі, тұрғын үй мәселелері, мал шаруашылығы саласындағы несие алу мүмкіндіктері, су мен жылу мәселесі және мемориалдық тақтаға соғыс ардагерлерін енгізу туралы мәселелер қаралды. Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, тиісті түсініктемелер берілді және тиісті құзыретті органдарға тапсырмалар жүктелді.