
«Жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бизнес-инкубациялау шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру мемлекеттік қызметін іске асыру мақсатында 2020 жылғы 14-25 қыркүйек аралығында конкурсқа қатысу үшін қағаз түріндегі құжаттарды қабылдау басталатынын хабарлаймыз.
Конкурстың мәні: «Жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар (өз бизнесін құруға) ұсыну.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: Шығыс қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Жеңіс даңғылы,6.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен мына сілтеме бойынша танысуға болады http://egov.kz/memleket/entities/vko-kasipkerlik?lang=ru сондай-ақ «Рудный Алтай» және «Дидар» газеттерінде.