Өрт-өте қорқынышты трагедия, ол тек материалдық шығынға ғана емес адам өліміне әкеп соқтырады. Жылыту маусымы басталар алдында бұл өте өзекті мәселе, өйткені жылыту пеші мен электр жылыту құралдары өрттердің негізгі шығу көздері болып табылады.
Қыс кезеңінде болған өрттер мен жануларға жасалған жылдық талдау нәтижелері, тұрғын үйлерде болатын өрттердің негізгісі жылыту пештерін орнату және салу кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамаудан орын алып отырғанын көрсетеді.
Құрметті азаматтар Сіз бен Сіздің жанұяңызда сәтсіз жағдайларды болдырмау мақсатында ашық отпен жұмыс істеу және жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздыр.
Осыған байланысты Аудан тұрғындарына төмендегі ережелерді ескерте кетеміз:
- өрттердің пайда болуын болдырмау мақсатында жылыту пешінің қызатын бөлігінен құрылыстың жанатын конструкциясына дейінгі арақашықтық талапқа сай келетіндігін тексеріп алыңыз, жанатын конструкцияға дейінгі арақашықтық 50 см-ден кем емес болуы қажет;
- пеш өзінің фундаментінде орналасуы керек, ол еденнен 14 см-ге биік шығып тұруы керек;
- пештің саңылауының алдында жанатын еден болса, қызған көмірлер ағаш еденге түспеу үшін өлшемі 50х70 см болатын металл қаңылтыр шегелеу;
- жылыту маусымы басталар алдында пешті және пештің мұржасын күлден тазарту керек, сонымен қатар жылыту маусымы бойы үш айда бір рет күлден тазарту жұмыстарын жүргізу ;
- жылыту пешінің түтін мұржасын қабырғасын 120 мм-ден кем емес қалыңдықта саз кірпіштен немесе қалыңдығы 60 мм кем емес ыстыққа төзімді бетоннан жасау ;
- үйдің төбесінде түтін каналдары өтетін түтін мұражалары мен қабырғаларын әктеп және сылақтау;
- пешті жөндеу және салу жұмыстарын арнайы оқытудан өткен, лицензиясы бар тұлғалар мен ұйымдарға тапсыру;
- жылыту маусымы басталар алдында мұражаларды жөндеу, әктеу, және саңылауларды бекіту.
Жылыту пешін пайдалану кезінде ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
- пешті жағуға бензин, керосин, дизельдік отын және т.б. тез жанғыш –жарылғыш сұйықтықтарды қолдануға;
- пеште отын, киім және басқа да жанатын материалдарды кептіруге және қоюға;
- пешті қатты қыздыруға;
- мұржалар ретінде желдеткіш және газ каналдарын қолдануға.
Ұлан ауданының ТЖБ аға инженері Турарова М.К.