Құрметті Қазия Шәкірқызы!

Құрметті Қазия Шәкірқызы!

Сізді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 3 наурыздағы Жарлығымен бекітілген «Құрмет» орденімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

 «Құрмет» ордені – Сіздің Отан алдындағы қажырлы еңбегіңіз бен адал қызметіңізге берілген жоғары баға. Сіздің өміріңіз қоғамға қызмет етуге, адамдарға көмек көрсетуге арналып, бүгінгі таңда көптеген адамдарға үлгі болуда. Сіздің адамгершілік қасиеттеріңіз, еңбексүйгіштігіңіз және елге сіңірген еңбегіңіз әрқашан жоғары бағаланып келеді.

Сіз еңбек жолында көптеген жоғары марапаттарға ие болдыңыз, олардың қатарында «Құрмет белгісі» ордені, «Еңбек ардагері» медалі және басқа да жоғары марапаттар бар. 1981 жылы Москвада өткен ХХVI съездің делегаты болып, 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Тарғын ауылының депутаты ретінде еліміздің дамуына үлес қостыңыз.

Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, күш-қуат тілеймін! Әр күніңіз бақыт пен шаттыққа толы болсын!