Халықаралық әйелдер күніне орай құттықтау!

Халықаралық әйелдер күніне орай құттықтау!

Аудандық "AMANAT" партиясының Ұлан аудандық филиалының төрағасы М. Аменов пен Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е. Сатыев Қасым Қайсенов кентінің тұрғыны, тыл еңбеккері Кұсаинова Майра Жұмаханқызын  құттықтап, естелік сыйлықтарын табыс етті. Майра Жұмаханқызы – кентіміздің бетке ұстар, беделді және сыйлы отбасыларының бірі. Ол төрт баланың сүйікті анасы, алты немере мен екі шөберенің ардақты әжесі. Оның еңбек жолы мен адалдығы – ұрпаққа қайсарлық пен төзімділіктің асыл үлгісі. Майра апамыздың өмірі мен қызметі көпке өнеге, оның әрбір ісі болашақ ұрпақ үшін үлкен сабақ болып қала береді.