
Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Лязиза Кенжетаева тұрғындарды жеке қабылдап, олардың өзекті мәселелерін тыңдады.
Көтерілген негізгі сұрақтар атаулы әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үй және жер қатынастарына қатысты мәселелер болды.
Әрбір өтініш мұқият қаралып, тиісті түсіндірмелер берілді. Барлық мәселелер заңнамаға сәйкес кезең-кезеңімен шешілетін болады.