Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Барлық православие христиандарын Крещение мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке — рухани жаңарудың, ішкі тазалықтың және адамгершілік құндылықтарды қайта бағалаудың символы.
Қазақстанда бұл мейрам, басқа да діни мерекелер сияқты, бейбітшілік пен келісімнің, достық пен өзара түсіністіктің маңыздылығын айқындайды. Біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымызда осы сияқты дәстүрлер халықтар арасындағы өзара құрмет пен бірлікті нығайтады.
Баршаңызға денсаулық, мол бақыт, табыс және жан тыныштығы тілеймін. Әр күніңіз қуаныш пен жарыққа толы болсын, ал армандарыңыз орындалсын!