«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

Тақырып: «Алғашқы жарна – БЖЗҚ-ға қош келдіңіз» 

БЖЗҚ 2020 жылғы 27 тамызда ерекше виртуалды «Ашық есік күнін» өткізеді.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – жаңа салымшыларды Қор жұмысымен таныстыру. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына енгізілген өзгеріске сәйкес 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ қызмет көрсету кеңселеріне келудің қажеті жоқ екені белгілі. 2020 жыл басынан бері автомат түзімде 1 миллионнан астам жаңа шот ашылған атап көрсетеміз және олардың иелерінің көпшілігі «БЖЗҚ» АҚ жұмысымен алғаш рет «Ашық есік күнінде» танысады.

Қор мамандары Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері, өз зейнетақы капиталын қалыптастырудың маңызы, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілдері туралы айтып береді, зейнетақы калькуляторы арқылы келешек зейнетақыны есептейді, Қордың салымшылармен қарым-қатынас арналары және көптеген басқалар туралы ақпаратпен бөліседі.

Үйден шықпай-ақ іс-шара тақырыбындағы сауалдарға ғана емес, зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты басқа да сауалдарға жауап алу мүмкін болады.

«Ашық есік күнінің» 27 тамызда сағат 14-00 қазақ тілінде онлайн платформада өтетінің еске саламыз.

Осы шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға кестедегі сілтемеге кіру керек. Содан соң event-жиналыс нөмірі мен паролі енгізіледі.

 

Event- жиналыс:

«Ашық есік күнінің»

Event- жиналыс адресі:

https://enpf.webex.com/enpf-ru/onstage/g.php?MTID=e1bb5bd18beb3f0b8d4da65252280eb33

Күні мен уақыты:

27 тамыз күні сағат 14.00 Ортаазиялық уақыт бойынша (Алматы, GMT+06:00)

Event- жиналыс нөмірі:

170 634 1133

Event- жиналыс паролі:

79g5F3

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларды және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!