2024 жылғы 22 желтоқсан күні аудандық Мәдениет үйінің алаңында Жаңа жылдық шыршаның шамдарын жағу салтанатты рәсімі өтті. Кент тұрғындары мен қонақтары үшін жарқын мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды: концерттік қойылымдар, театрландырылған көріністер, қызықты байқаулар мен ойындар.
Ауыл әкімі Төлеубеков Нұрлыбек Төлеубекұлы тұрғындарға жылы лебіздерін білдіріп, Жаңа жылда барша тұрғындарға денсаулық, бақыт және амандық тіледі!
🎉 Келе жатқан Жаңа жыл қуаныш пен барлық армандарыңыздың орындалуын әкелсін! 🎉