
Бүгін, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында, Астана қаласында «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЫЛ АДАМЫ» атты республикалық байқауы өтті. Осы маңызды шара аясында Каменка ауылының тұрғыны, жерлесіміз, «Қайрат» шаруа қожалығының басшысы, меценат, өте қарапайым адам Усмаев Асвад Рамзанович «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЫЛ АДАМЫ» атағына ие болып, мараппаталды. Бұл марапат Асвад Рамзановичтің Қазақстанның дамуына қосқан елеулі үлесі мен табанды еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз.
Асвад Рамзановичті осы лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймын! Оның еңбегіне толағай табыстар, мықты денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін. Жаңа жетістіктер мен жеңістер әрдайым оны жаңа биіктерге жетелесін!