
Сұхбат барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы, ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер, аймақтағы инвестициялық жобалар, «Ауыл Аманаты» бағдарламасы, туризмнің дамуы, халықты сапалы сумен қамтамасыз ету мәселелері, жылумен жабдықтау саласы, абаттандыру, әлеуметтік нысандарды салу және жөндеу жұмыстары, тұрғын үй құрылысы, «Жол жылы» аясындағы жол жөндеу жобалары туралы ақпарат берілді.
Тікелей эфирде аудан тұрғындарынан бейне сұрақтар мен қоңыраулар арқылы және WhatsApp желісі арқылы түрлі сауалдар қойылды. Мысалы, Баяш Өтепов пен Жоғарғы Тайынты ауылының тұрғындары интернет желісінің нашарлығы, Тайынты ауылының ішкі жолы мен ауыз су мәселелері жайлы сұрақтар қойды. Сонымен қатар, Таврия мен Бозанбай ауылдарында салынып жатқан дене шынықтыру сауықтыру кешенінің қашан ашылатыны, Жанұзақ ауылында спорт залының салынатыны туралы сұрақтар да көтерілді. Тікелей эфирде барлық сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, тұрғындардың мәселелері назарға алынды.
Тайынты ауылында демалыс базасына баратын жолды жөндеу, Баяш Өтепов ауылында интернет жылдамдығын арттыру бойынша жұмыстар туралы да айтылды. Баяш Өтепов ауылында Теле 2 байланыс компаниясының антенна-діңгек құрылғысы жұмыс істеп тұр, бірақ ВОЛС жүйесінің болмауы салдарынан жоғары жылдамдықтағы интернетке қосу мүмкіндігі жоқ. 2-3 жыл ішінде Қазақтелеком компаниясы бұл мәселені шешуді жоспарлап отыр. Ал Жоғарғы Тайынты ауылының маңындағы антенна-діңгек құрылғысының құрылысын аяқтап, Beeline ұялы байланыс желісі мен 4G интернетті жақын маңдағы елді мекендерге қосу жұмыстары биылғы жылдың соңына дейін жүзеге асырылмақ.
Тұрғындардан қойылған барлық сұрақтар мен мәселелер аудан әкімдігінің назарында екенін және тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын атап өткім келеді.