
Отырыстың күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды: «Атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін, облыстық аумақтарды дамыту бағдарламаларын талқылау»; «Ұлан аудандық Полиция бөлімі бастығының жұмыс нәтижелері бойынша есебі»; «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеттің жобасын талқылау»; «Ұлан аудандық Қоғамдық кеңесі жанынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комитеті төрағасының жұмыс нәтижелері туралы есебі»; «Қоғамдық кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары».
Осы сұрақтар бойынша кеңінен пікір алмасып, ұсыныстар мен шешімдер қабылданды.