
Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінің Мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жомарт жүрек» - 2020 сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі онлайн түрінде өтті.
«Жомарт жүрек» байқауының мақсаты: туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауға өңір тумаларын тарту; әлеуметтік бастамаларды іске асырудың оң тәжірибесін тарату; ең жарқын және маңызды қоғамдық бастамалардың оң тәжірибесін жергілікті деңгейде іске асыру үшін жинақтау және тарату; қоғамдық пайдалы қызметке азаматтардың тартылу деңгейін арттыру; білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, коммуналдық шаруашылық және басқа да салалардағы әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру.
«Жомарт жүрек – 2020» онлайн байқауының қорытындысы бойынша «Жыл меценаты» номинациясына «Аitasgroup» холдингінің Бас директоры Серік Құлымбекұлы Толықпаев, «Туған өлке» номинациясына «Дружба» шаруа қожалығының басшысы Василий Степанович Гладышев, «Жыл тұлғасы» номинациясына «Қайрат» шаруа қожалығының басшысы Асвад Рамзанович Усмаев, «Жылдың үздік ұйымы» номинациясына «АгроБАМ» шаруа қожалығының басшысы Жақсылық Жапарханұлы Касенов, «Ерен еріктілік» номинациясына «Козыбаева» шаруа қожалығының басшысы Багдат Акрамович Акрамов ие болып, аудан әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың алғыс хаттарымен, «Жомарт жүрек» байқауының сыяпаттарымен марапатталып, онлайн концерт қойылды.
Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімі