Төлеген - Тохтаров ауылдық округіне кезекті жұмыс сапары

Төлеген - Тохтаров ауылдық округіне кезекті жұмыс сапары

Жұмыс сапарымен Төлеген Тохтаров ауылдық округіне барып, бірқатар нысандарды араладым. Украинка ауылында 2007 жылы құрылған «Жер-Су» жылыжай кешенімен таныстым. Қазіргі уақытта бұл кешен Земляная Людмила Дмитриевнаға тиесілі. Жылыжайда әлемнің барлық материктерінен жиналған 300-ден астам өсімдік түрі өсіріледі. Олардың қатарында лимонның «Киевский 1, 2» және басқа да сорттары, түрлі мирт түрлері, гранат, інжір, муррайя, бөлме және бақша өсімдіктері, сондай-ақ көкөніс пен гүл көшеттері бар.
Сондай-ақ Герасимовка ауылында «Болашақ» балабақшасы ЖШС, Герасимовка орта мектебі және фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) нысандарын аралап, басшыларымен кездесіп, қысқы маусымға дайындықтарын көріп қайттым. Әр мекеменің басшылары өздерінің проблемалық сұрақтарын көтеріп, нақты жауаптар алып, тиісті тапсырмалар берілді.