Тағы бір ауқымды спорттық жарыс аудан орталығы Қасым Қайсенов кентінде еңбек ардагері Өмірбек Мұзапарұлын еске алуға арналған еркін күрестен дәстүрлі турнир өтуде.

Тағы бір ауқымды спорттық жарыс аудан орталығы Қасым Қайсенов кентінде еңбек ардагері Өмірбек Мұзапарұлын еске алуға арналған еркін күрестен дәстүрлі турнир өтуде.

Осымен бесінші рет өткізіліп отырған жарыстың биылғысына 2007-2009 жылдары туған 150-ге жуық спортшы қатысуда. Бір атап өтерлігі, бұл жолғы жарыстың бұрынғыларынан бір өзгешелігі, нақтырақ айтсақ, бұған дейінгі додалар облыстық деңгейде өтсе, биылғы жарыс республикалық мәртебеге ие болуда.
✅ Аудан орталығындағы бәсекені көппен бірге бір топ құрметті қонақ келіп тамашалады. Арасында жарыстың басталуында құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілеген облыс әкімінің орынбасары Ербол Жолдаспекұлы Нұрғалиев те болды.
Турнирдің басы-қасында жүрген облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Марат Өмірбекұлы Мұзапаровтың айтуынша, жарыстың мән-мәртебесі жыл өткен сайын артып келеді. Бұған додаға өзге облыстар мен қалалардан командалардың ат терлетіп келуі дәлел бола алады. Осы ретте Ұлан ауданындағы еске алу турниріне Шығыс Қазақстанның аудан-қалаларынан бөлек, Абай, Қарағанды және Ұлытау облыстарынан жас балуандар қатысып жатқанын айту керек.
✅Марат Өмірбекұлы Мұзапаров — ауданымыздың танымал және беделді азаматтарының бірі. Ол меценат ретінде ауданның дамуы мен спорт саласының өркендеуіне зор үлес қосып келеді. Әкесінің жолын жалғастыра отырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете алатын, елге танымал Мұзапаровтар әулетінен шыққан.
Республикалық мәртебеге ие болған бұл турнир жыл сайын өткізіліп, болашақта халықаралық деңгейде жалғасын табатынына сенім мол. Бұл жарыстың деңгейі артып, жас спортшылардың кәсіби өсуіне мүмкіндік туғызатыны анық.