Егінсу ауылдық округі

Егінсу ауылдық округі

Егінсу ауылдық округі Ұлан ауылының ауылдық клубы 1959 жылы салынған. 50 жылдан кейін алғаш рет былтырдан бастап «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша күрделі жұмыстар жүргізіліп, бүгін Республика күніне орай салтанатты ашылуы атап өтілді.
Іс шараға аудан әкімінің орынбасары Р. Болатқан қатысып, тұрғындарды айтулы мерекмен және осы қуаныштарымен бөлісіп, құттықтап қайтты. Аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары ән-шашуларын арнады. Жиналған қауым өз ризашылықтарын білдіріп, жақсы көңіл-күйде қайтты.
Сонымен қатар, атап өтетін қуанышты жаңалықтардың бірі ауылда "Бірқабатты Шығыс" бағдарламасы аясында Ұлан ауылында 6 пәтер салынды. Бұл бірнеше отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етіп, ауылдағы өмір сүру жағдайларын жақсартуға септігін тигізеді.
Биыл «Жол жылы» аясында, 30 жылдан аса мерзімнен кейін, осы ауылға алғаш рет көшелеріне асфальт жол төселді. Бұл жобаның жүзеге асырылуы ауылдың инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдетеді. Осындай игілікті бастамалар арқылы ауылымыздың дамуы қарқын алып, тұрғындардың өмір сапасы артатынына сенеміз!
Республика күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн – еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің символы. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз мәңгілік болсын!