
Бұл ауылдық округі үшін айтулы оқиға. Өткен жылы Казачье ауылында жаңа фельдшерлік пункт салынды.
Украинка ауылында да ФАП толық жөндеуден өткен ғимаратқа көшірілді.
Бір қуантарлығы, ауылдарда денсаулық сақтау, мәдениет, білім, спорт, т.б нысандар салынып, жөнделіп жатыр.
Осы іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Л.Кенжетаева барып құттықтап қайтты. Л.Кенжетаева ауданда азаматтарымыздың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын жақсарту бағытында жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатқанын атап айтты.