Бүгін Республика күніне орай Ұлан ауданының Айыртау ауылдық округі Айыртау ауылының дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстарынан кейінгі салтанатты ашылуы өтті.

Бүгін Республика күніне орай Ұлан ауданының Айыртау ауылдық округі Айыртау ауылының дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстарынан кейінгі салтанатты ашылуы өтті.

Көк таспаны кесу ауыл ақсақалдары Сагынганов Кадылбек пен Есенбаев Болыскан аталарға берілді.
Жалпы ауылдық округте 2191 адам тұрады. Дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстары шілде айында басталған. Міне 4 айдан кейін халықтың игілігіне қолданысқа берілді. Дәрігерлік амбулаторияда дәрігер, фельдшер, акушер, медбике, зертханашы санитар және жүргізуші қызметінде 8 адам жұмыс атқарады.