«Абай оқулары»

«Абай оқулары»

2020 жылғы 7 тамызда Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Абай оқулары» облыстық  байқауы онлайн режимде өткізілді.

Байқау  келешек ұрпақты Абайдың баға жетпес мұрасын насихаттау арқылы тәрбиелеу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының барлық аумақтарындағы көркемсөз оқу және ән айту шеберлігін қатар игерген 18-29 жас аралығындағы әртүрлі этнос өкілдері қатысты 

Байқаудың шарты бойынша І- айналымда үміткерлер Абай өлеңдерін жатқа оқыды.  

Екінші айналымда Абайдың білім, өнер, ғылым тақырыбындағы қара сөздерін жатқа мәнерлеп оқыды. Үшінші айналымында халық әндері мен Абай әндерін орындаудан сайысқа түсті.

Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша Ұлан ауданынан қатысқан аудандық байқаудың жеңімпазы, Восточное ауылының тұрғыны Губушкина Виктория Сергеевна жүлделі ІІ-орынға ие болды.

Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің  басшысы М. Әлібеков